You are here

Бас прокуратураның алқа мәжілісі туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 20 қыркүйек 2013 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Бас прокуратураның алқа мәжілісі болып өтіп, онда қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық процестегі азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауы мәселелері, сондай-ақ осы саладағы прокурорлық қадағалау және сот тәжірибесінің жай-күйі қаралды.

Алқа жұмысына Президент Әкімшілігінің, Жоғарғы Соттың өкілдері, Парламент депутаттары, Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, ішкі істер, денсаулық сақтау министрліктерінің, Кедендік бақылау комитетінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Бас Прокурор атап өткендей, қылмыстық процестегі азаматтардың конституциялық құқықтарын және заңды мүдделерін сақтау халықтың сенім деңгейін анықтайтын барлық құқық қорғау жүйесінің қызметін бағалаудың басты белгілерінің бірі болып табылады. Әрбір заңсыз қамаудың және ұстаудың артында адамның және оның отбасының тағдыры тұрғаны белгілі.

Соңғы жылдары елімізде осы саладағы заңдылықты нығайту бойынша заңнамалық және практикалық шаралар қабылданды, азаматтардың өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейтілді, азаптауды және адамның ар-намысын қорлайтын өзге де іс-әрекеттерді болдырмау бойынша құқықтық тетіктер құрылған.

Бірақ та, А.Дауылбаев атап көрсеткендей, қабылданып отырған шараларға қарамастан, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына қатысты жағдай күрделі күйінде қалуда. Осы мағынасында қылмыстық қудалау органдары жүргізіп отырған жұмыс пен прокурорлық қадағалау тиімділігі жеткіліксіз деп танылды. Адамдарды заңсыз қудалау, азаматтардың жеке бас бостандығына, тұлғаның абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұқпаушылық құқығын бұзу фактілерінің орын алуы жалғасуда.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2012 жылы және 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық қудалау органдары 855 адамның конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берген, олардың арасында 104-і заңсыз қамауға алынған, 209-ы заңсыз ұсталған, 372 адам заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 66 адамға қатысты ақтау үкімдері шығарылды.

Сондай-ақ, прокурорлар қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық іс қозғау туралы 3110 заңсыз қаулысының, айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы 189 заңсыз қаулысының күшін жойған. Қылмыстық қудалау органдарының қызметтік бөлмелерінен 1311 адам босатылды. Бұл ретте прокурорлар азаптау бойынша 62 қылмыстық іс қозғаған.

Тұтастай алғанда, азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзғандары үшін 2012 жылы және 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында құқық қорғау органдарының 804 лауазымды тұлғасы, соның ішінде ішкі істер органдарының 739 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, осындай өрескел бұзу фактілері бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты 119 қылмыстық іс қозғалған. 

Уақытша ұстау абақтылары ерекше назар аударуды талап етеді, олардың көпшілігі жертөле және жартылай төле үйлерде орналасқан, олардағы жағдай қамалғандарды ұстау стандарттарына сәйкес келмейді.

Талқылау қорытындысы бойынша адамдардың құқықтарын бұзу фактілеріне жол бермеуге түбегейлі шаралар қабылдауды көздейтін ұсыныстар қабылданды.

Бас Прокурор өзіне бағынышты прокурорлардан азаптаудың әрбір фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауды және дәлелдерді алудың рұқсат етілмеген әдістерін қолдануға жол берген лауазымды тұлғаларға ең қатал шаралар қолдануды талап етті.

Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау бойынша жұмыстың барынша тиімділігін қамтамасыз ету, осындай бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуді уақтылы қадағалау тапсырылды.

Құқық қорғау органдарының басшыларына адам құқықтарын бұзу фактілері үшін бағынышты қызметкерлерінің дербес жауапкершіліктерін арттыру қажеттілігі атап көрсетілді.

Осы мақсаттарда әрбір құқық қорғау органында жұмыс нәтижелеріне жауапкершілікті ведомствоның бірінші басшыларына жүктей отырып,     азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау жөніндегі ведомстволық комиссиялар құру ұсынылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.