You are here

Бас прокуратураның 2015 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша алқа мәжілісі туралы (Астана, 2016 жылғы 15 қаңтар)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті, онда өткен жылдың жұмыс қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңге арналған бірінші кезектегі міндеттер анықталды.

Алқа жұмысына Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Нұрлан Ермекбаев, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлері, Парламент депутаттары және Бас прокуратура жанындағы Консультативтік кеңес мүшелері қатысты.

Жиын барысында қадағалау қызметінің нәтижелері талданды, проблемалық сұрақтар көтеріліп, алдағы кезеңге басым міндеттер айқындалды.

Талқылау қорытындысы бойынша Бас Прокурор облыстардың прокурорларына бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындау бойынша мүлтіксіз шаралар қабылдауды тапсырды.

А.Дауылбаев заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, қадағалау органының жұмыс тиімділігінің басты индикаторы ретіндегі азаматтардың сенім деңгейін арттыру бойынша тиімді жұмысты қамтамасыз етуді тапсырды.

Реформаларды жүзеге асыру мақсатында қабылданған заңдардың қолданылуын тиісті түрде бақылауды тапсырылды. Мемлекеттік қазынаны толықтыру және бюджет қаражатын жұмсау саласына қадағалауды күшейту қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қадағалау тәжірибесін жетілдіру, жұмыстың камералдық әдісіне біртіндеп көшу қажеттілігі аталып көрсетілді.

Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың 2016 жылғы 15 қаңтардағы Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісінде сөйлеген кіріспе сөзі 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың 2016 жылғы 15 қаңтардағы Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісінде сөйлеген кіріспе сөзі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.