You are here

Бас прокуратурадағы семинар туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2015 жылғы 29 қыркүйек)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада Құқық қорғау органдары академиясының БҰҰ-ның Есірткі және қылмыстар жөніндегі басқармасының және PWC (PricewaterhouseCoopers) қолдауымен ұйымдастырған мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдарға арналған «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді анықтау, тыйым салу, тәркілеу және қайтару мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық» атты семинар өз жұмысын бастады.

Шараға Бас прокуратурасының, Iшкi iстер,Қаржы министiрлiктерінің, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, өкілдері, БҰҰ басқармасының, PWC қызметкерлері, сондай-ақ Латвия, Германия, Ресей, Швейцария, АҚШ мемлекеттерінен келген сарапшылар қатысуда. 

Семинар барысындаоған қатысушылар форум тақырыбына сәйкес бірқатар мәселелерді, оның ішінде халықаралық құқықтық құралдар, қылмыстық кірістерді анықтау үшін уәкілетті органдардың тікелей халықаралық ведомствоаралық ынтымақтастық құралдары, қаржы мониторингі, кеден және салық органдарының халықаралық ынтымақтастығы, қылмыстық кірістерді анықтау және/немесе оларды заңдастыруды тергеу ісiне құқылы мамандандырылған мекемелердің (прокуратуралардың, полицияның,активтерді қайтару жөніндегі агенттіктердің) халықаралық ынтымақтастығы тұрғысындағы мәселелерді талқылайтын болады.

Талқылау кезінде БҰҰ үш конвенциясын (есірткінi бақылау саласында, трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы) іске асыру тұрғысынан мүше мемлекеттерге көмек көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылмақ.

Сондай-ақ семинар аясында халықаралық сарапшылар қылмыстық жолмен алынған кірістерді анықтау, тыйым салу, тәркілеу және қайтару мақсатындағы өзара құқықтық көмек көрсету бойынша АҚШ, Латвия, Нидерланды, Германия, Швейцария елдерінің тәжірибелерімен бөлісуді көздеп отыр. 

Бас прокуратураның баспасөзқызметi

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.