Бас прокуратурадағы кездесу туралы баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2015 жылғы 8 сәуір)

08 сәуiр 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс президенттік сайлауды байқау жөніндегі миссиясының Басшысы Корнелия Йонкермен кездесуі өтті.

Әңгіме барысында тараптар сайлау процесі кезеңіндегі заңдылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

А.Дауылбаев Йонкер ханымды Қазақстанның прокуратура органдарының қызметі мен негізгі функциялары туралы, сайлау науқанымен байланысты түскен арыздар және оларды шешу нәтижелері туралы ақпараттандырды.

Азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша прокуратура қабылдап отырған шаралар әңгіменің маңызды тақырыбы болды.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының назарына қадағалау органының негізгі күш-жігері бұзушылықтардың алдын алуға және болдырмауға бағытталғаны, ол үшін прокурорлардың құқықтық түсіндіру жұмыстары белсенділігінің арттырылғаны жеткізілді.

Пікір алмасу соңында еліміздің Бас Прокуроры сайлау заңнамасының жекелеген нормаларын қолдануға және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікке қатысты Корнелия Йонкердің сұрақтарына жауап берді.

Кездесу қорытындысы бойынша ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның кезектен тыс президенттік сайлауды байқау жөніндегі миссиясының Басшысы Бас прокуратураның басшылығын сындарлы сұхбат және туындаған мәселелер бойынша берілген түбегейлі түсіндірулер үшін алғысын білдірді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу