Бас прокуратурадағы кездесу туралы (Астана қаласы, 2015 ж. 5 ақпан)

05 ақпан 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі доктор Кэролин Браунмен және Қылмыспен күрес бойынша Ұлыбритания Ұлттық агенттігінің Орталық Азиядағы Байланыс офицері және Аймақтық үйлестірушісі Фредерик Хеллонмен кездесуі болып өтті.

А.Дауылбаев әріптестерін заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, қылмыспен күрес бойынша прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берді.

Кездесуде құқықтық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, оның ішінде трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына, киберқылмыстылыққа, терроризм, экстремизмге, адам саудасына қарсы тұру, сондай-ақ бала құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелері қаралды.

Ұлыбританияның жетекші сарапшыларының қатысуымен аталмыш мәселелер бойынша прокуратура органдарының қызметкерлеріне оқу семинарлары мен тренингтерін өткізу келіссөздердің жеке тақырыбы болды.

Ф.Хеллон қазақстандық прокуратураның мемлекеттің халықаралық-құқықтық саясатын жүзеге асырудағы орнын жоғары бағалап, халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ортақ стратегиялық міндеттерге байланысты ынтымақтастық мәселелерін жалғастыруға деген ниетін білдірді.

Тараптар аталмыш кездесудің Қазақстан мен Ұлыбритания қадағалаушы органдары арасында қалыптасқан өзара ықпалдастықты одан әрі дамытудағы және құқықтық жүйелерінің тәжірибесін алмасудағы маңыздылығына ерекше көңіл аударды. 

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу