You are here

Бас прокуратурадағы екіжақты кездесулер туралы (Астана, 2015 жылғы 26 тамыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев алдағы күндері өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 13-ші жиналысы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің (ТМД БПҮК) 25-ші жиналысы аясында бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді. 

Атап айтқанда, еліміздің басты қадағалау ведомствосының басшысы Ауғанстан Ислам Республикасының бас прокуроры Нур Джалалмен, Беларусь Республикасының бас прокуроры Александр Конюкпен, Өзбекстан Республикасының бас прокуроры Ихтиёр Абдуллаевпен, Қытай Халық Республикасының бас прокуроры Цао Цзяньминмен кездесті.

Өткізілген кездесулердің басты тақырыбы ШЫҰ және ТМД БПҮК аясындағы ынтымақтастық мәселелері болды. Тараптар өзара құқықтық көмек, прокурорлық қызметтің бағыттары бойынша тәжірибе алмасуды жалғастыру, қауіпсіздіктің әртүрлі трансұлттық қатерлеріне тосқауыл қою саласындағы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі ұтымды шараларды қабылдау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды.

Сонымен қатар терроризммен және экстремизммен, есірткінің және қарудың заңсыз айналымымен, трансшекаралық қылмыстылықтың өзге де түрлерімен, сондай-ақ заңсыз көші-қонмен күрес проблемаларын қозғайтын алдағы күндері өтетін мемлекетаралық органдардың форумдарының күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы тұрақты әрекет етуші үкіметаралық ұйым. Ол 2001 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасының қатысумен құрылған.

Қазіргі уақытта Ауғанстан, Беларусь, Үндістан, Иран, Моңғолия және Пәкістан ШЫҰ бақылаушылары, Түркия мен Шри-Ланка - сұхбаттасу бойынша серіктес мәртебесіне ие. 2015 жылғы 10 шілдеде Үндістан мен Пәкістанға мүше-мемлекет ретінде ШЫҰ-ға қосылу туралы, ал Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Камбоджа Корольдігі және Непал Федеративтік Демократиялық Республикасына сұхбаттасу бойынша серіктес мәртебесін беру туралы шешім қабылданды. 

ТМД БПҮК 1995 жылғы 7 желтоқсанда құрылған. 2000 жылғы 25 қаңтардағы ТМД қатысушы-мемлекеттерінің мемлекет басшылары Кеңесінің шешімімен оған ТМД мемлекетаралық органы мәртебесі берілген. Осы құжатқа Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Грузия, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Украина қол қойған.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.