Бас прокуратурадағы дәріс туралы баспасөз ақпараты (Астана, 2016 жылғы 18 қазан)

18 қазан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада белгілі кәсіпкер, шағын кәсіпкерлікті белсенді насихаттаушы Серікбай Бисекеевпен кездесу болып өтті.

С. Бисекеев 2012 жылы Эрнст энд Янг халықаралық компаниясының номинациясымен Ресейдің үздік кәсіпкері болып танылған. «Бәрі де өз қолыңда» және «Жетістік күнделігі» атты екі кітаптың авторы.

Кездесу барысында кәсіпкер прокурорларға өзінің жетістікке жету жолдары мен жеке тиімділіктің  қыр-сырлары туралы айтып берді. Атап айтқанда, мақсатты қалай қою керек, өзіңді қалай дамыту керек, өз ісіңнің шебері атану үшін қандай құралдар қолдануға болатынын ашып көрсетті. С. Бисекеев атап өткендей, білім, арман, мақсат, табандылық және нақты жоспардың арқасында кез-келген адам өзін биікке жетелей алады.

Дәріс барысында қызықты пікір алмасу болды.

Өз кезегінде Бас Прокурор әлемнің күн сайын өзгеріп жатқанын тілге тиек етіп, қадағалау органының алдында тұрған міндеттерді шешу үшін бүгінде прокурорлардан жаңа әрі сапалы білім талап етілетініне тоқталды.

Кездесу соңында Жақып Асанов мазмұнды дәріс үшін қонаққа алғыс білдірді. 

Кездесуге Бас прокуратура орталық аппаратының жеке құрамы, бейнеконференциялық байланыс арқылы өңірлік прокуратура қызметкерлері қатысты.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу