You are here

Бас прокуратурадағы дәріс туралы БАҚ үшін ақпарат (Астана, 2016 жылғы 19 қазан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Қазақ гуманитарлық заң университеті Жоғары экономика мектебінің директоры, іскерлік әкімшілік магистрі Дильбар Гимранованың Бас прокуратураның орталық аппараты басшылығы мен жобалардың менеджерлеріне арналған дәрісі өтті.

Іс-шараның ашылуында Жақып Асанов Д.Гимранованың оқытушылық жұмыс тәжірибесі мол екенін атап өтті. Оның басшылығымен Жоғары экономика мектебінде сәтті өзгерістер жүруде және бизнес-әкімшілік саласына заманауи халықаралық стандарттар енгізіліп жатыр.

Д.Гимранова прокурорлармен өзгерістерді басқару бойынша өз білімдерімен бөлісті.

Нақты айтқанда, өзгерістерді енгізу процесін жоспарлау, оларды қызмет барысына тиімді енгізуге кедергі келтіретін негізгі қауіптер мен тосқауылдарды анықтау, өзін-өзі өзгерту жолдары. Оның кеңестері прокуратура органдары үшін өте пайдалы, өйткені қазіргі уақытта жұмыс барысына жаңа әдістер енгізілуде. Прокуратураға кадрларды іріктеудің жаңа жүйесі мен жобалық менеджменттің жаңа принциптері қолданылып жатыр.

Дәріс барысында қатысушылар арасында қызу пікір алмасу болды.

Кездесу соңында Жақып Асанов келген қонаққа мазмұнды дәрісі үшін алғыс білдірді. Бас Прокурор алынған білімдер нақты нәтижеге жеткізбейтін қажетсіз жұмыстан, қағазбастылықтан арылуға және прокуратураның алдында тұрған міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.