You are here

Бас прокуратурадағы брифинг туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада «Шымкент пиво» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Тоқтар Төлешовке қатысты қылмыстық істің тергелу барысы туралы брифинг болып өтті.

Оған Бас прокуратураның департамент бастығы Құсайын Игембаев пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің өкілі Руслан Карасёв қатысты. Төменде олардың сөйлеген сөздерінің толық мәтіні беріліп отыр.

Құсайын Игембаев, Бас прокуратураның департамент бастығы:

Бұрын хабарланғандай, арнайы прокурордың басшылығымен ведомствоаралық арнайы тергеу тобы трансұлттық қылмыстық топты қаржыландыру, ұйымдасқан қылмыстық топты басқару, заңсыз есірткі заттарын сақтауға күдікті ретінде «Шымкент пиво» ЖШС бас директоры Тоқтар Төлешевке және оның айналасындағы бірнеше адамға қатысты қылмыстық істерді тергеуде.

Көрсетілген әрекеттермен қатар, Төлешевке ауыр және аса ауыр қылмыстар, соның ішінде адам ұрлауды және өлтіруді ұйымдастыру, түрлі дәрежедегі дене жарақатын келтіру, бөтеннің мүлкін қасақана жою, рейдерлік тәрізді қылмыстар бойынша айып тағылуда.

Соынмен бірге, қазіргі кезде Төлешевтің жалпы қылмыстық қылмыстарға ғана емес, сонымен қатар конституциялық құрылымның негізіне қарсы қылмыстарға да қатыстылығы анықталды.

Қылмыстың бұл бөлігін тергеуді құзыреттілігі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізуде.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің өкілі Руслан Карасёв:

Тергеу органдарында Төлешов мырзаның бұрын билікті басып алуға дайындалу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізгені, ал өткен жылдан бастап нақты қадамдар қабылдағаны туралы толық мәліметтер алынған. Оның әрекет ету жоспары шиеленісті ошақтар құру арқылы наразылық акциялары және жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыра отырып елдегі жағдайды тұрақсыздандыруды қарастырған, осылардың аясында балама үкіметті қалыптастырып, әрекет етуші биліктің құрылымын өзгертуді жоспарлаған.

Біздер Атырау, Астана, Алматы, Орал, Қызылорда қалаларында «жер реформасы» деп аталатын қарсы наразылық акцияларын Төлешов мырза өткен жылдың желтоқсан айында дайындап, қаржыландырғаны туралы дәлелдер алынды.

Наразылық акциялары бұдан да ертерек өтуі тиіс болғаны толықтай анықталды.

Бірақ та Төлешовтің ұсталуына байланысты оның мерзімдерін акцияны тікелей ұйымдастырушылар өз беттерінше өзгерткен, олардың кейбіреулері бүгінде құрықталған.     

Тергеу органдары Қазақстанның басқа өңiрлерiнде де наразылық акцияларын ұйымдастыруды қаржыландыру бойынша тексерістер жүргізуде.

Төлешов тергеу изоляторында бола отырып, елдегi қалыптасқан жағдайды пайдалануға тырысып, 2016 жылдың мамырында Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш қаласында жаппай тәртiпсiздiктер ұйымдастыруға әрекеттенген.

Өзiнiң жоспарларын iске асыру мақсатында Төлешов құқық қорғау органдарының бұрынғы және әрекет етуші жоғарғы лауазымды тұлғалары, сондай-ақ, елiмiздiң қарулы күштерi бөлiмдерiнiң кейбiр басшылары қатарынан мақсатты түрде өзiнiң жақтастыран iздестiрген.

Сонымен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары Төлешовтің қылмыстық әрекеттерiн iске асыру мақсатында пайдалануға жоспарлаған едәуір қару-жарақ, оқ дәрiлер мен жарылғыш заттарды жасырын орындардан тәркiлеген.

Өткен демалыстарда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерi Астана, Алматы және Шымкент қалаларында Төлешовтің бiрқатар сыбайлас жақтастарын ұстады. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұрынғы бiрiншi орынбасары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң бұрынғы мүшесi, екiншi сыныпты әдiлет кеңесшiсi Iлияс Бақтыбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы IIД-нің бұрынғы басшысы, генерал-майор Хибратулла Досқалиев, Оңтүстік Қазақстан облысы IIД бұрынғы бiрiншi орынбасары, полиция полковнигi Сәкен Айтбеков, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi Оңтүстiк аймақтық басшылығының 35748 және 55652 әскери бөлiмдерiнiң командирлерi, полковниктер Бекзат Жумин және Қайрат Пернебаев бар.

Аталған тұлғалар тұтқындалып, уақытша тергеу изоляторына қамалды, оларға қатысты бұлтартпау шараларын қолдану мәселесі шешілуде.

Тергеу жалғасуда. Қосымша ақпарат түсу ретіне қарай және тергеу құпиясын ескере отырып жұртшылыққа жеткізілетін болады.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.