You are here

Бас прокуратурада тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша Ұлттық комиссияның отырысы болып өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас прокуратурада тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша Ұлттық комиссияның отырысы болып өтті - 512689208

Бүгін Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Күлшара Әбдіхалықованың төрағалығымен Ұлттық комиссияның ҚР Президенті жанындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі бойынша әйелдер және отбасы-демографиялық  саясат жөніндегі кеңейтілген көшпелі отырысы болып өтті.

Ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғамға орасан зардап келтіріп отырғанын атап өтті. Зорлық - адам құқын бұзатын құбылыс. Ұрпақ үшін жағымсыз үлгі.

Әйелдерге қатысты қылмыстар 90%-ға өсті. Отбасындағы әрбір үшінші қылмыс - кісі өлтіру. Өткен жылы үй ішінде 36 әйел мен 1 бала зомбылықтан көз жұмған. 2481 әйел, 851 бала зорланды. Қорлыққа төзбеген 742 әйел, 175 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған.

Бас прокурор тығырықтан шығудың 7 жолын ұсынды.

Бірінші. Мектептерге арнайы курс енгізіп, кәсіпке пайдалы пәндерді оқу процесіне қосу керек. Жастарды қарапайым кәсіп түрлеріне үйретіп, қабілетін ашу, масылдық психологиядан арылту – басты мақсат болуы тиіс.

Екінші. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтқан бірнешеқасиетті жастарға сіңіру керек:

- бәсекеге қабілетті болу;

- прагматизм;

- ұлттық сана-сезім;

- білімді болу;

- өзгерістерге дайын тұру.

Осы идеянын маңыздылығын ескере отырып, мектептерге отбасы, этика және отбасылық өмірідіңпсихологиясы негіздері бойынша пән енгізу керек. 

Үшінші. Заңнаманы өзгерту. Үйдегі зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауға бағытталған Неке және отбасы туралы, қылмыстық, әкімшілік кодекстерге және басқа да заңдарға түзетулер дайындалды.

Төртінші. Зорлық-зомбылық субъектілері ретінде прокуратура, әділет, ақпарат, мәдениет және спорт, дін істері министрліктері де айналысуы тиіс. Оларды заңға қосу керек. Өйткені, бұлардың әрқайсысы өз бағыты бойынша профилактика жүргізе алады.

Бесінші. Тұрмыстықзорлық-зомбылық бойынша жаңа индикаторлар енгізсек. Мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін бағалайтын нақты критерийлер жоқ. 

Алтыншы. Орталықтандырылған және аймақтық деңгейдегі қаржыландыру мәселесі дұрыс жүйелеу қажет. Оған қоса,  отбасымен жұмыс істейтін дербес құрылымдар құрған жөн.

Жетінші. Зорлық-зомбылықтан жапа шеккен жәбірленушілерден гөрі, агрессорлармен жұмысты күшейту қажет. Жылда 5 млрд. қажет ететін айықтандырғыштан гөрі, психологиялық орталықтар құрған дұрысырақ.

Мемлекет басшысының жарлығымен 2016 жылы отбасылық және гендерлік саясаттың концепциясы бекітілген еді. Ол отбасылық құндылықтарды дәріптеу, үйдегі зорлық-зомбылықты азайтуға бағытталған. Бас Прокурор осыны жүзеге асыру үшін 53 пункттен тұратын «жол картасы» құрылғанын жеткізді. Ол жерде нақты шаралар қарастырылған.       

Ж. Асанов пилоттық жобаны ОҚО-ның екі ауданында іске асыруды ұсынды. Мемлекеттіке органдар қызметшілерінің есебінен құралған топ осы аудандарға шығып, халықпен кездесіп, құқықтарын түсіндіріп, алдын алу шараларымен айналысады.

Талқылаудың қорытындылары бойынша кеңестің басқа да қатысушылары отбасылық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша өз ұсыныстарын енгізді. 

ҚР Бас Прокуратурасының баспасөз қызметі 

 

Бас прокуратурада тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша Ұлттық комиссияның отырысы болып өтті - 1906050676
Бас прокуратурада тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша Ұлттық комиссияның отырысы болып өтті - 1292072604
Бас прокуратурада тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша Ұлттық комиссияның отырысы болып өтті - 2111337878

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.