You are here

Бас прокуратурада «Шығармашылық - экстремизмге қарсы» атты шығармашылық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері және БАҚ өкілдерінің арасындағы «Шығармашылық - экстремизмге қарсы» атты экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті тақырыптарды үздік жариялауға арналған байқауды Діндерді зерттеу орталықтарының қауымдастығы Бас прокуратураның тапсырысымен өткізген болатын.

Байқау аясында «Жас маман», «Инноватор», «Жыл сценаристі», «Профи» және «Рухани бірлік» сияқты бес номинация белгіленген болатын.

Барлығы 53 жұмыс номинацияға ұсынылды, соның ішінде 17-сі байқау коммисиясының шешімімен үздік деп танылды.

Байқауға ұсынылған көптеген қызықты жұмыстардың арасында қазылар алқасының шешімімен екі қосымша жоба аталып көрсетілді, олар:

- Айгүл Адилова мен Сергей Корняковтың «Бюро расследований» бағдарламасы;

- Петропавл қаласы Қазақ-түрік лицейінің оқушысы Владислав Малихтаровичтің «Қазақ хандығының қасиетті тарихы» мобильдік ойыны.

Байқау жас мамандардың мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастар саласында ғылыми ізденіс жүргізу бастамаларын ынталандыруға мүмкіндік берді, халықтың дәстүрлі мәдени құндылықтарын насихаттауға, жас оқушылардың діни идеологияны қабылдаудағы сыншыл ұғыну қабілеттерінің дамуына септігін тигізді.

Байқау жүлдегерлері мен жеңімпаздары құнды сыйлықтар мен естелік дипломдармен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Ұқсас мәліметтер

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.