Бас прокуратурада өткен ведомствоаралық жиналыс туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2014 жылғы 23 шілде)

23 шілде 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының Өкіміміен бекітілген Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне көшу жөніндегі бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспарын (одан әрі-Бірыңғай жоспар) жүзеге асыру мәселелері бойынша ведомствоаралық жиналыс болып өтті.

Кеңес жұмысына Жоғарғы Соттың, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілдері, сондай-ақ қорғаныс, ішкі істер, әділет, қаржы, төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктердің, Мемлекеттік күзет қызметінің басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Бас Прокурор атап өткендей, Бірыңғай жоспарға сәйкес құқық қорғау органдарына қырықтан астам іс-шаралар жүктелген және сәйкес бөлімдерді бұлжытпай орындау жауапты мемлекеттік органдардың маңызды және бірінші кезектегі міндеті болып табылады.

Жиналыс барысында жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері берілген тапсырмалардың орындалу жағдайы туралы ақпараттандырды. Проблемалық мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары айқындалды.

А.Дауылбаев жауапты тұлғалардың есептерін тыңдап болған соң Бірыңғай жоспардың бөлімдерін орындауды жылдамдатуды тапсырып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақытынан кешіктіріп орындаған жағдайда жауапкершілік болатыны туралы ескертті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу