You are here

Бас прокуратурада өткен спорттық шаралардың қорытындысы туралы БАҚ үшін ақпарат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, Тәуелсіздік күні және прокуратура органдарының құрылған күніне арналған еліміздің прокуратура органдарының әйел қызметкерлері командалары арасындағы шағын футболдан және волейболдан ведомстволық чемпионаттары өз мәрелеріне жетті.

Шағын футболдан жарысқа Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай облыстары, Алматы қаласының прокуратуралары мен Бас көлік прокуратурасының 7 құрама командасы қатысты.

Шағын футболдан чемпионаттың жеңімпазы және Бас Прокурор Кубогының иегерлері болып Алматы облысы және Қарағанды облыстарының құрама командалары танылды, екінші орынды Ақмола облысы прокуратурасының командасы жеңіп алды. Үшінші жүлделі орынды Қостанай облысы прокуратурасының командасы еншіледі.

Жарысты ұйымдастырушылар номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтады. «Үздік шабуылшы» атағын Валимова Әсел (Алматы облысы) иеленді, «Үздік қорғаушы» болып Әубәкірова Гүлмира (Ақмола облысы) танылды, «Үздік қақпашы» болып Дондаева Айбала (Бас көлік прокуратурасы) атанды.

Волейболдан Бас прокуратура, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, Бас көлік прокуратурасы, Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік, Орталық және Оңтүстік аймақтар прокуратураларының 7 командасы қатысты.

Әйелдер арасындағы волейбол ойынының қорытындысы бойынша турнирдің жеңімпазы және Бас Прокурор Кубогының иегері болып Оңтүстік аймақ (Алматы және Жамбыл облыстары) прокуратураларының командасы танылды. Екінші орынды Солтүстік аймақ (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) прокуратураларының командасы иеленсе, үшінші орынды Бас прокуратураның командасы жеңіп алды.

Номинациялардың жеңімпаздары ретінде келесі қызметкерлер анықталды: «Үздік шабуылшы» – Елеуқұлова Жадра (Оңтүстік аймақ прокуратураларының командасы), «Үздік либеро» – Абдрахманова Саодат (Солтүстік аймақ прокуратураларының командасы), «Үздік байланыстырушы» – Темірғалиева Мадина (Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының командасы), «Үздік қорғаушы» – Балтабаева Камила (Орталық аймақ прокуратураларының командасы), «Үздік ойыншы» – Бөлежанова Фариза (Бас көлік прокуратурасының командасы).

Жүлделі орындарды алған командаларға кубоктар, грамоталар мен естелік медальдар табыс етілді. Номинациялардың үздіктері грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

Бас прокуратураның басшылығы прокуратура органдарында спортты дамытуда және салауатты өмір салтын насихаттауда осындай жарыстың маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Осындай жарыстарды өткізу ұжымдық татулықты нығайтады, прокурорлар қауымдастығының бірлігі мен ұйымшылдығына оңды ықпалын тигізеді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.