You are here

Бас прокуратурада өткен спорттық іс-шаралардың қорытындылары туралы БАҚ үшін ақпарат (Астана қаласы, 2014 жылғы 17 қараша)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, прокуратура органдарының құрылған күні және Тәуелсіздік күніне арналған прокуратура органдары мекемелерінің командалары арасында Бас прокуратура ұйымдастырған спорттық жарыстар өз жалғасын табуда.

Бүгін ерлер арасындағы кіші футболдан және волейболдан ведомстволық чемпионат аяқталды.

Бас Прокурордың құрама командасы кіші футболдан чемпионаттың жеңімпазы және Бас Прокурор Кубогының иегері болып танылды, екінші орынды Жамбыл облысы прокуратурасының командасы жеңіп алды. Үшінші жүлделі орынды Қарағанды облысы прокуратурасының және Бас әскери прокуратураның командалары еншіледі.

Жарысты ұйымдастырушылар номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтады. «Үздік шабуылшы» атағын Қуатбеков Нұржан (Жамбыл облысы прокуратурасының командасы) иеленді, «Үздік қорғаушы» болып Арыстанбеков Әсет (Қарағанды облысы) танылды, «Үздік қақпашы» болып Каххаров Сухрабжан (Бас Прокурордың құрама командасы) атанды.

Ерлер арасындағы волейбол ойынының қорытындысы бойынша турнирдің жеңімпазы және Бас Прокурор Кубогының иегері болып Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының командасы танылды. Екінші орынды Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті иеленсе, үшінші орын Ақмола облысы прокуратурасының командасына берілді.

Номинациялардың жеңімпаздары: «Үздік шабуылшы» – Алпысов Нұрлан (Бас әскери прокуратураның командасы), «Үздік либеро» – Мағжанов Марат (Ақмола облысы прокуратурасының командасы), «Үздік байланыстырушы» – Канкин Жанболат (ҚСжАЕК командасы), «Үздік қорғаушы» – Шабер Виталий (Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының командасы), «Үздік ойыншы» – Бердібеков Ержан (Маңғыстау облысы прокуратурасынының командасы).

Жүлделі орындар алған командаларға кубоктар, грамоталар мен естелік медальдар табыс етілді. Номинациялардың үздіктері грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бас прокуратураның басшылығы прокуратура органдарында спортты дамытуда және салауатты өмір салтын насихаттауда осындай жарыстың маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Жарыстарды өткізудің басты маңыздылығы сол - олар  ұжымдық татулықты нығайтады, прокурорлар қауымдастығының бірлігі мен ұйымшылдығына оң ықпал етеді.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.