Бас прокуратурада өтетін семинар-кеңес туралы БАҚ үшін аңдатпа

15 қыркүйек 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылғы 16-18 қыркүйек күндері Бас прокуратурада Парламент депутаттарының, ғалым-сарапшылардың, Президент Әкімшілігі, Жоғарғы Сот және басқа мемлекеттік, құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстердің жаңа үлгісіне көшу мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтеді.

Форум жұмысының ашылуын жариялау үшін БАҚ өкілдерін 16 қыркүйек күні сағат 10:00-ге келуге шақырамыз.

Рұқсаттамалық өткізу рәсімін ескере отырып, БАҚ өкілдерінің Бас прокуратура ғимаратына ертерек, яғни, 16 қыркүйек күні сағат 09:30-да келулерін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 14, Бас прокуратура ғимараты.

Тіркеу 7172766@prokuror.kz электрондық мекен-жайы арқылы жүргізіледі.

Ескерту: Бас прокуратураға келушілердің ұялы телефондары бақылау-өткізу бекетіндегі сақтау жәшігіне тапсырылады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу