Бас прокуратурада өтетін ғылыми-практикалық конференция туралы БАҚ үшін аңдатпа

18 желтоқсан 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылғы 19 желтоқсан күні Бас прокуратурада Президент Әкімшілігі өкілдерінің, Парламент депутаттарының, отандық және шетелдік мемлекеттік, құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйымдар мен діни конфессиялар өкілдерінің, құқықтанушы ғалымдардың қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризмге тосқауыл қою саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру тетіктері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

 Іс-шараның негізгі мақсаты діни экстремизм мен терроризмге тосқауыл қою мәселелеріндегі шетелдік құқық қорғау құрылымдарымен ынтымақтастықтың тиімді тетіктерін әзірлеу болып табылады.

Конференция жұмысына ақпараттық қолдау көрсету үшін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 14, Бас прокуратура ғимараты.

Іс-шараның басталу уақыты: 09:00.

Рұқсаттамалық өткізу рәсімін ескере отырып, БАҚ өкілдерінің Бас прокуратура ғимаратына ертерек, яғни, сағат 08:30-да келулерін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Тіркеу 7172340@prokuror.kz электрондық мекен-жайы арқылы жүргізіледі.

Анықтама телефондары: 71-20-60, 71-20-74.

Ескерту: Бас прокуратураға келушілердің ұялы телефондары бақылау-өткізу бекетіндегі сақтау жәшігіне тапсырылады.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу