Бас прокуратурада «ОТБАСЫНДА ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАН» жобасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өтеді

08 желтоқсан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

А.ж. 9 желтоқсанында Бас прокуратура «ОТБАСЫНДА ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАН» жобасын жүзеге асыру шеңберінде жасалған  талдау нәтижелерін  талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізу жоспарлап отыр.

Дөңгелек үстел жұмысына  ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі  уәкіл,  Мәжіліс  депутаттары, Жоғарғы сот судьялары, Ішкі істер министрлігі және өзге де мемлекеттік, құқық қорғау органдарының өкілдері,  халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар мүшелерінің қатысуы жоспарлануда.

Осы іс-шараның жұмысын жариялау үшін журналистер шақырылады.

Өткізілетін орны: Астана қаласы,  Мәңгілік ел даңғ., 14, Бас прокуратура ғимараты.

Басталуы сағат 10:00-де. 

Тіркеу 7172595@prokuror.kz электрондық мекен-жайы арқылы жүргізіледі.

БАҚ өкілдерінің алдын-ала, яғни, сағат 09.30-дан кешікпей келулерін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Байланыс телефоны: 71-26-30

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу