You are here

Бас прокуратурада Отан қорғаушы күні және Жеңіс күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті (Астана, 2017 жылғы 6 мамыр)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас прокуратурада Отан қорғаушы күні және Жеңіс күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті  (Астана, 2017 жылғы 6 мамыр) - 1438139421

Бас Прокурор Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнімен жиналғандарды құттықтады.

Салтанатты жиналысқа қатысқан Ұлы Отан соғысының ардагері А.Н.Куропятник, тыл еңбеккері К.К.Бектанов және басқа да  прокуратура органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетілді. 

Ж.Қ.Асанов өз сөзінде мереке күндерінің маңызы мен мағынасына тоқталып өтті.

Осыдан 25 жыл бұрын, 1992 жылғы 7 мамырда еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту мен заманауи, кәсіби армия құруды қамтамасыз етуде тәуелсіз Қазақстан үшін жаңа кезең басталды.

Бұл күнді еліміздің айбыны мен ертеңгі күнге деген сенімінің айқын белгісі деп айтуға болады.

Барлық ұрпақ үшін 9-шы мамыр айрықша шуақты күн және ардайым халқымыздың ерлігі мен қайсарлығының символы болып қала береді.

Жеңіске жету жолында қазақстандықтар да лайықты үлес қосты, бір жарым миллионға жуық біздің отандастарымыз соғыс майданына аттанды.

«Біз ардагерлердің ерлігіне бас иеміз. Біздің қазіргі қызметкерлеріміз үшін олардың әскери және еңбек жолы нағыз отанды сүюдің үлгісі болып табылады. Жеңіс күнінен бастап 72 жыл өтті. Көптеген ардагерлер арамызда жоқ. Бірақ, олардың жарқын бейнесі біздің жүрегімізде әрдайым сақталады» деп түйіндеді Бас Прокурор.

Дәстүр бойынша Отан қорғаушы күніне орай Мемлекет басшысы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға прокурорлардың сіңірген еңбегін атап өтеді. Мемлекет басшысының Жарлығымен прокуратураның бірқатар қызметкерлеріне жоғары сыныптық шендер беріліп, мемлекеттік наградалармен марапатталды.

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі жоғары сыныптық шені Бас прокуратураның департамент бастықтары Игембаев Құсайын Абзалбекұлына, Шындалиев Әсет Қазақбайұлына, сонымен бірге Жамбыл облысының прокуроры Сыбанқұлов Ернат Мұхаметқалиұлына берілді.  

І дәрежелі «Даңқ» орденімен Бас Прокурордың бірінші орынбасары Меркель Иоган Давидович, Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Асылов Берік Ноғайұлы, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Қарағанды облысының прокуроры Жанахметов Нұркен Қаткенұлы және Бас Прокурордың аға көмекшісі Күзеков Аслан Мүбаракұлы марапатталды.

Қызметтік борыштарын үлгілі атқарғаны үшін Бас Прокурор прокуратураның бірқатар қызметкерлеріне марапаттау тәртібінде сыныптық шендер берді.

Жиналыстың соңында дәстүр бойынша Бас прокуратура қызметкерлерінің өз күшімен дайындалған мерекелік концерт пен конкурс өткізілді.

Концерттің тақырыбы жауынгерлік рухпен ұштасып, қойылған көрсетілімдер Ұлы Отан соғысындағы халықтың ерлігіне арналды.

Конкурстың нәтижесімен жеңімпаздар анықталып, оларға естелік сыйлықтары табыс етілді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Бас прокуратурада Отан қорғаушы күні және Жеңіс күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті  (Астана, 2017 жылғы 6 мамыр) - 12823044
Бас прокуратурада Отан қорғаушы күні және Жеңіс күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті  (Астана, 2017 жылғы 6 мамыр) - 576345449
Бас прокуратурада Отан қорғаушы күні және Жеңіс күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті  (Астана, 2017 жылғы 6 мамыр) - 2073258285

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.