Бас прокуратурада кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс және жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

15 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас прокуратурада кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс және жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері талқыланды  - 751614734

2019 жылғы 15 тамыз, Нұр-Сұлтан. Бас прокуратурада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі)  өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысында құқық қорғау органдарының басшыларымен  балаларға қатысты, сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігі саласындағы қылмысқа қарсы күрестің  мәселелері талқыланды.  

Бас  Прокурор атап өткеніндейзорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалардың 90%  жағдайы төмен отбасынан шыққандар. 

Мұндай әрекеттердің латенттік ахуалына әсер ету уәкілетті қызметтерлер: ювенальдық полиция, педагогтар, дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлер тарапынан алдын алу жұмыстарын күшейте түсуді қажет етеді.

Қылмыстарды тергеу мен ашу сапасына байланысты айтылатын ескертулер аз емес. 2015 жылдан бері кәмелетке толмағандарға қатысты 34 мыңға жуық қылмыстар келіп түскен, олардың 27%-ы ғана өзінің логикалық аяқталуын таба алды. 

Прокурорлар кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық туралы істер бойынша заңсыз үзілген  57 тергеуді қалпына келтірді, сондай-ақ тоқтатылған 328 істің күшінің жойылғаны, жасырылған 23 қылмыстың анықталғаны айтылды. 

Бірлескен талқылау қорытындылары бойынша өңірлерде полиция қызметкерлері мен прокурорлардың қатарынан аталған қылмыстардың санатын ашуға мамандандырылған жекелеген топтар құру қисынды болады деп танылды.

Бас Прокурор осы санаттағы қылмыстардың сапалы тергелуін қамтамасыз етуді және кінәлілердің жазасыз қалмайтындығы қағидасының сақталуына қол жеткізуді тапсырды.

Әсіресе кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықты күшейте түсу туралы Президенттің тапсырмасын орындауға ерекше назар аударылды.

Күн тәртібінің екінші мәселесіне ауысу барысында 2015 жылдан бері жол-көлік оқиғаларынан 11 мың адамның қаза тапқаны, 120 мың  адамның әртүрлі жарақаттар алғаны атап өтілді.

Жол қозғалысының қауіпсіздігіне бірқатар факторлар ықпал жасайды, олардың қатарында автопарктің күрт өсуі, жолдардың жай-күйі, көліктегі құқық бұзушылықтар профилактикасының босаңдығы және басқалары бар.

Бұл ахуал автомектептерде жүргізушілерді даярлау сапасының төмендігіне және жүргізуші куәліктерін заңсыз алу мүмкіндігіне байланысты шиеленісе түсуде.

Мәселен, прокурорлар 3 мыңнан  астам адамға жасанды медициналық анықтамалар негізінде, сондай-ақ  диспансерлік есепте тұрған 923 адамға жүргізуші куәліктерінің берілу фактілерін анықтады.

Елімізде 833 автомектеп жұмыс істейді, олардың басым көпшілігінің қажетті материалдық-техникалық базасы жоқ. 

3 жыл ішінде құқық қорғау органдары жолдарды салуға және жөндеуге бөлінген бюджет қаражаттарын жымқыруға байланысты 100-ден астам сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тергеді. 7 млрд. теңгеден астам сомаға жуық шығын келтірілді.

55 адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды, 24-і қазірдің өзінде сотталды. 

ЖКО жөніндегі қылмыстық істерді тергеудің тиісінше жүргізілмеуі бөлігі бойынша жеке сын айтылды. 

Соңғы  жыл ішінде прокурорлар  45 жасырылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке қойды, олардың 13-і бойынша үкімдер шығарылды. 

Осыған байланысты Ғизат Нұрдәулетов прокурорларға кез келген заң бұзушылықтың, тергеу кезіндегі сөзбұйдаға салушылықтың жолын қатаң кесуді және кінәлілердің қатаң жазаға тартылуына қол жеткізуді тапсырды.     

Үйлестіру кеңесі мүшелерінің пікірі бойынша, қауіпті жол учаскелерінің  электрондық картасы, көше-жол жүйелері жай-күйінің қоғамдық мониторингінің болуы, жауапкершілікті қатаңдату және басқалары қажеттігін айтты.

Осы және басқа да шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай бағдарламалық құжатта ескерілетін болады, бұл құжат қазір ІІМ-де және Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау академиясында дайындалып жатыр.   

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Бас прокуратурада кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс және жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері талқыланды  - 40955893

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу