You are here

Бас прокуратурада интернет кеңістікті мониторингілеу мәселелері талқыланды (Астана қ., 16 наурыз 2017 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылдың 16 наурызында Бас прокуратурада «Интернет кеңістігін мониторингілеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Парламент Мәжілісінің Қазақстан халқы ассамблеясынан және «Халық коммунистері» фракциясынан депутаттар тобы, орталық құқық қорғау және мүдделі меморгандардың басшылары қатысты.

Бұл іс-шараның мақсаты Интернет пайдаланумен байланысты проблемалы мәселелерді талқылау және ғаламдық желіні тиімді мониторингілеу, халықты құқыққа қайшы контенттің әсерінен қорғау бойынша ұсыныстар жасап шығару болды.

Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.К. Божко және Бас Прокурордың орынбасары  М.М. Ахметжанов іс-шараны кіріспе сөзбен бастады.

Ішкі істер, ақпарат және коммуникация, дін істері және азаматтық қоғам, білім және ғылым, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің басшылары Интернет арқылы экстремизм мен терроризмді, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды, суицидті насихаттайтын материалдар таратудың жолын кесу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс жайлы айтты.

Дөңгелек үстелде Бас прокуратура мүдделі мемлекеттік органдармен бәрлесіп әзірленген «Қауіпсіз интернет» жобасын таныстырды.

Жобаны таныстырған Бас прокуратураның өкілі оның негізгі идеялары туралы айтты. Жобаның мақсаты – Интернетті мониторингілеу бойынша тиімді жұмыс қалыптастыру.

Парламент Мәжілісінің депутаттары барлық мүдделі органдардың өзара жедел іс-қимылы мен жаңа әдістер мен технологиялар пайдалану бойынша тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша уәкілетті органдар үшін Интернетте, оның ішінде әлеуметтік желілерде құқыққа қайшы контентті таратудың жолын кесу бойынша, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсынымдар жасап шығарылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.