Бас прокуратурада электр мен жылу бағасына арналған алқа отырысы өтеді

23 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

24 қазан күні сағ.15:00-де Бас прокуратурада электр мен  жылу энергиясының бағасын белгілеу заңдылығына арналған алқа отырысы өткізіледі.

Алқа жұмысына Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, «Нұр Отан» Партиясы Төрағасының бірінші орынбасары және орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысады. 

Президент тапсырмасы аясында жүргізілген прокурорлық тексеріс нәтижесінде монополистердің жеке шығындарын қасақана жоғарылату кесірінен тарифтердің негізсіз көтерілгені туралы фактілер әшкере етіледі.

 

БАҚ өкілдерін шараға қатысуға шақырамыз!

 

Аккредитация а.ж. 23 қазаны сағ.19.00-ге дейін press@prokuror.kz электронды мекен-жайы арқылы жүргізіледі.

Байланыс телефоны: 71-28-19 (Латифа), 8 701 321 3274 (Оксана – Ресми өкіл).

 

 

БАҚ өкілдерінен ғимаратқа кіру тәртібін ескеріп, шараға алдын ала келуін сұраймыз.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу