You are here

Бас прокуратурада "Е-қылмыстық іс" жобасы таныстырылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылдың 14 тамызы, Астана қаласы.   Бас прокуратурада ведомствоаралық жиналыс өтті, онда Жоғары Соттың, ІІМ, Қаржы министрлігінің, МҚІСҚА өкілдерімен  бірқатар өңірлерде Электронды қылмыстық істі және оның пилоттық сынақтан өткізілуін енгізу мәселелері талқыланды.

Жоба Елбасының елімізде сандық технологияларды дамыту туралы Жолдауы аясында жүзеге асырылуда.

Осы мақсатпен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен бюджеттен қосымша шығынсыз "Е-қылмыстық іс" бағдарламасы әзірленді.

Бағдарлама қылмыстық процестің барлық сатысын қамтиды: қылмыстың тіркелуінен бастап, оның тергелуі және үкім орындалғанға дейін.

Жақып Асановтың айтуынша, цифрлық технологияларға көшкен жағдайда, қоғамның жанына батып жүрген біраз проблемалары шешіледі. Олар өздігінен жойылады. Сондықтан осыған қатты мән бөлініп отыр.

Бағдарламаның сапалы енгізілу мақсатында а.ж. 11 тамызында жоғарыда аталған ведомстволармен бірлескен бұйрыққа қол қойылып, ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

          А.ж. 15 тамызынан бастап бағдарламаны бірінші болып Астанада және Жамбыл облысында, 10 қыркүйектен бастап – Атырау және Шығыс-Қазақстан, ал 20 қыркүйектен бастап – Батыс және Оңтүстік-Қазақстан облыстарында сынақтан өткізеді.

Электронды қылмыстық істің берері не?

a) қылмыстық істі бұрмалау болмайды, істер жоғалмайды;

б) қажеті жоқ, артық қағаздан құтыламыз.

в) электронды форматқа көшсек, істер тезірек тергелмек. Жүйеде 100 шақты процессуалдық құжаттың шаблоны болады. Соттан санкцияны электронды түрде алуға болады;

г) аналитика күшейеді. Әрбір қылмыстық іске терең үңіліп, мемлекет бойынша біркелкі практика қалыптастыруға мүмкіндік ашылмақ;

д) жәбірленуші, айыпталушы, адвокат істің қалай тергеліп жатқанын кез-келген уақытта онлайн режимде көре алады;

ж) электронды шағымдар модулі жұмыс істей бастайды. Тараптар тергеушінің іс-әрекетіне шағым келтірсе, оны прокурор бірден онлайн тексере алады.

Бағдарлама бөгде адамдардың, соның ішінде жүйенің әкімшілерінен қылмыстық іс материалдарына рұқсатсыз қол жеткізуінен жоғары дәрежелі қорғайды. Істің материалдарына қол жеткізу тек қана істі жүргізетін тергеушіде және прокурорда болады.

ҚР БП Баспасөз қызметі
+7 7172 71 27 66
press@prokuror.kz 

Бас прокуратурада "Е-қылмыстық іс" жобасы таныстырылды  - 466703081
Бас прокуратурада "Е-қылмыстық іс" жобасы таныстырылды  - 926510808
Бас прокуратурада "Е-қылмыстық іс" жобасы таныстырылды  - 466158314

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.