You are here

Бас прокуратурада Бизнесті қорғау бойынша ІІ форум өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас прокуратурада Бизнесті қорғау бойынша ІІ форум өтті - 1970152690

23 қараша 2017 жыл, Астана. Бас прокуратурада «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» атты бизнесті қорғау бойынша ІІ форум өтті.

Форумды ұйымдастырушылардың қатарында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – «Атамекен» ҰКП) мен «Нұр Отан» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесі бар.

Аталған Форумның жұмысына Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Үкімет пен орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл, сондай-ақ Консультативтік кеңес мүшелері қатысты.

Бас Прокурор Жақып Асанов алғы сөзінде қатысушыларға осыған дейінгі Форумда қабылданған Жол картасындағы шешілуі тиіс мәселелерді еске салды.

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Жақып Асановқа бизнестегі жүйелі мәселелерді шешудегі жемісті ықпалдастығы үшін алғысын білдірді.

Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов «Атамекен» ҰКП және уәкілетті органдардың өзара қарым-қатынасының арқасында кәсіпкерлердің ахуалын жақсатру бағытында атқарылған  жұмыстардың нәтижелері туралы баяндама жасады.

Өз баяндамасында Ахметжанов жарты жыл ішінде Жол картасында көзделген шараларды атқарудың нәтижесінде Экономикалық  қылмыстарды тіркеу ережелерінің өзгергенін, тиісінше осы санаттағы қылмыстар санының төмендегенін (осыған дейін бір айда экономикалық қылмыстар бойынша 800 іс тіркелсе, қазір 200-тан аспайды), қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жүргізілгендігін, сонымен қатар жалған кәсіпкерлікті декриминализациялау мен қылмыстық процесті жаңғырту қолға алынғандығын атап өтті.  

Соңғы бастамалар аясында а.ж. 15 қарашасында Мемлекет басшысы Мәжіліске енгізген Заң жобасын («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы») депутаттардың мақұлдағанын атап өткен жөн.

Спикер заңның айрықша новеллаларын ерекше атап өтті. Бұлар: соттың санкциясынсыз тұлғаларды ұстау мерзімінің қысқаруы; экономикалық қылмыстар бойынша қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану негіздерінің азаюы; адвокаттардың өтінішхат енгізу мен дәлелдемелерді жинауда уәкілеттіліктерін кеңейтілуі; сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне залал мен тексеру актілері болмағанда және айқын азаматтық-құқықтық даулар материалдарын тіркеудің шектелуі.

Қылмыстық процесте кәсіпкерлердің құқықтарының қорғалуының кепілі болып табылатын ерекшеліктің бірі – тергеушіге бастапқыда тіркелген дерек бойынша тағылған айып аясында, яғни тек сол көлемде ғана істі тергеу міндеттеледі.

М. Ахметжанов бақылаушы-қадағалаушы мемлекеттік органдарды тексеру қорытындысы бойынша (132 мемлекеттік бақылау саласының 30 қысқартылды) артық функциялар мен талаптар 58 пайызға азайғандығын (30497-ден 12843-ке дейін), тексерулердің электронды тіркелуі жолға қойылып, жүйелендірілгенін, «Қамқор» мобильді бағдарламасы дайындалғанын атап өтті. 

Тек қана Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен Төтенше жағдайлар саласы бойынша ғана талаптардың өзі 80 пайызға қысқарды (14,8-мыңнан 2,5 мыңға дейін).

Сонымен қатар әкімшілік заңнаманы ізгілендіру бағытындағы шаралар туралы да айтылды. Оның ішінде  ӘҚбТ кодексіне «мардымсыз» ұғымын кері қайтару, 97 құрам бойынша айыппұл мөлшерін төмендету және 23 бап бойынша ескертуді енгізу, сонымен қатар құқық бұзушылық шарттарымен келіскен жағдайда айыппұл мөлшерін ішінара төлеу мүмкіндіктері және т.б. (607 құрам өзгерістер қамтиды).

Бас Прокурор баяндамасын қорытындылай келе, Экономикалық қылмыстар қызметіне  "көлеңкелі бизнеспен" күресті күшейтуге, ал «Атамекен» ҰКП жосықсыз кәсіпкерлерді анықтауда қолдан келер көмектерін аямауға шақырды.

Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП Басқармасының мүшесі Рустам Жүрсінов мекеменің жұмысы мен алдағы кезеңге жоспарларымен бөлісті.

Форум нәтижесінде жаңа Жол картасы бекітілді.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
press@prokuror.kz
8 (7172) 71 27 66,
8 (7172) 71 28 19

Бас прокуратурада Бизнесті қорғау бойынша ІІ форум өтті - 412839371

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.