Бас прокуратурада бизнес саласындағы проблемалық сұрақтар талқыланады

14 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

15 қарашада сағ.15:00-де Бас прокуратурада «Кәсіпкерлік саласындағы прокурорлық бақылау» атты Бизнесті қорғау бойынша ІІІ-Форум өтеді.

Форум жұмысына Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органның басшылары, «Атамекен» Ұлттық палата, «Нұр Отан» Партиясы және бизнес қоғамдастықтың өкілдері қатысады.

Қылмыстық қудалаумен байланысты анағұрлым өзекті мәселелер мен тексеру жүргізу, айыппұл салу, негізсіз тарифтер, сондай-ақ осы саланың ахуалын одан әрі жақсартудың шараларын талқылау жоспарлануда.

 

БАҚ өкілдерін шараға қатысуға шақырамыз!

 

Аккредитация а.ж. 14 қарашасы сағ. 18.30-ға дейін press@prokuror.kz электронды мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Байланыс телефоны: 71-28-19 (Латифа).

БАҚ өкілдерінен ғимаратқа кіру тәртібін ескеріп, шараға алдын ала келуін сұраймыз.

 

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу