Бас прокуратурада азаматтарды қабылдау жүргізілді

21 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұғырнамасына көшу бойынша Бас прокуратурада «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» өтті.

Іс-шараның мақсаты – халықпен тікелей диалог орнату, оларға құқықтық көмек көрсету мен қолданыста бар мәселелерді шешу болып табылады.

Азаматтарды Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетов, оның орынбасарлары мен құрылымдық бөлімше басшылары қабылдады.

Барлығы 337 адам қабылданды.

Азаматтар негізінен азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот актілерінің, сондай-ақ  қылмыстық процестегі сотқа дейінгі тергеп-тексеру заңдылығы мәселесі бойынша жүгінді.

Ғ.Нұрдәулетов арызданушылардың уәждерін тыңдап, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына келтірілген мәлімдемелерді жан-жақты әрі толық тексеруді, егерде құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою бойынша жедел шаралар қабылдауды тапсырды.

Еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан прокуратура органдарының Құқық қорғау қызметтері орталықтарында азаматтарды қабылдау тұрақты түрде жүргізілетіндігін атап өткен жөн.

Сонымен қатар азаматтар Бас Прокурордың блогына Электронды үкімет порталы Egov.kz. арқылы жүгіне алады.

Қадағалаушы орган басшылығының қабылдауына 8 (7172) 71-22-08, 8 (7172) 30-16-49 байланыс телефондарына хабарласып жазылуға болады.

 

Қр Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Бас прокуратурада азаматтарды қабылдау жүргізілді - 2009095410
Бас прокуратурада азаматтарды қабылдау жүргізілді - 1305544104
Бас прокуратурада азаматтарды қабылдау жүргізілді - 935904308
Бас прокуратурада азаматтарды қабылдау жүргізілді - 1813718070
Бас прокуратурада азаматтарды қабылдау жүргізілді - 325311133

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу