You are here

Бас прокуратурада Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас прокуратурада Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды - 576384341

Астана, 2017 жыл 17 мамыр. Бүгін Бас прокуратурада  Азаматтарды қабылдау орталығының ресми түрде ашылу салтанаты өтті (бұдан әрі-Орталық). Орталық бұрыңғы бақылау-өткізу пунктінің орнында бой көтеріп, «бір терезе» принципі негізінде жұмыс жасауда.

Онда кезекші прокурорлар азаматтарды қабылдауын жүргізеді, сондай-ақ, кеңес беріп, өтінішерді жазу барысында көмек көрсетеді. Сондай-ақ, азаматтарды барлық деңгейдегі прокуратура басшыларының қабылдауына жазылуға мүмкіндік көзделген. Азаматтар өтініштерінің қаралу барысы жайлы ақпарат пен жауаптардың көшірмелерін ала алады.

Орталыққа Бас Прокурордың аға көмекшісі Сағатбек Сүлеймен басшылық жасайды.

Азаматтарды қабылдау орталығы күту орындарымен және электрондық кезекпен жабдықталған. Келушілердің жайлылығы үшін кофе-аппараты мен диспенсер орнатылған.

Сонымен қатар залда қабылдау кестесі мен ережелері, сондай-ақ,  өтініштердің үлгісі бар ақпараттық тақтайшалар ілінген.

Орталық жұмысын қонақтарға таныстыру барысында  С.Сүлеймен: «Бас Прокурор Жақып Асановтың тапсырмасымен  ағымдағы жылдың сәуірінен бастап тестілік режимде жұмыс жасай бастаған Азаматтарды қабылдау орталығы құрылды. Біз бүгін ресми түрде оның тұсауын кесіп отырмыз. Бұл халықпен жұмыс жасаудың сапасын жақсартудағы қадамдардың бірі  және бірегейі болып табылады. Жылдың аяғына дейін өңірлерде де осыған ұқсас жағдай жасауды жоспарлап отырмыз»,- деп атап өтті.

Сондай-ақ  ҚСАЕА комитетінің төрағасы Бағдат Мусин Орталық құру туралы идеяның жүзеге асқандығы туралы кеңінен тарқата айтты.

Ол: «Біздің қызметкерлер осы аураны өздері сезінуі керек. Біз прокурорлар да Халыққа қызмет көрсету орталығы секілді  қызмет көрсететінін, өзгеру керектігін түсіну үшін сервистік климат жасағымыз келеді. Бұл жұмысымыздың бастамасы ғана. Сервистің одан әрі жақсаруын біз жуық арада іске қосуды жоспарлаған Құқық қорғау қызметтерінің орталығында көрсететін боламыз»,- деді Б. Мусин.

ҚР Бас прокуратурасының 115 сall-орталығы да жаңартулардан тыс қалмады, бизнес-процестер жетілдіріліп, персонал оқу курстарынан өтті.

«Біз қызметімізді белсенді түрде жетілдіріп келеміз, әсіресе, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасауға қатысты, оның ішінде 115 сall-орталығы арқылы келіп түскендерді қоса алғандағы азаматтардың өтініштерімен жұмыс бойынша. Өткен жылы 73 мыңнан аса қоңыраулар  қабылданды, олардың әрқайсысы  біз үшін өте маңызды және әрбір өтініш мұқият зерделенді», - дейді  Бас прокуратураның Арыз-шағымдарды қарау туралы заңдардың қолданылуына қадағалау және іс жүргізу басқармасының бастығы Жанболат Туғанбаев.

Орталық  жұмыс күндері, дүсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 13.00-14.30) келушілерге ашық.  Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 14, Бас прокуратураның ғимаратында орналасқан.

2016 жылғы өтініштердің жағдайына анықтама:

Прокуратура органдарына 2016 жылы 342 мың (2015-335 мың) өтініш келіп түсті, оның ішінде БП-ның орталық аппаратына 51- мың (2015-42 мың).

157 мың өтініш мәні бойынша шешіліп, оның 60 %-на (95 мың) түсіндірмелік сипатта жауап берілді, 32 мыңы қанағаттандырылып, қалған 30,3 мыңы қабылданбады.

Көп жағдайда өтініш берушілердің шағымы төменде аталған салалар бойынша сұрақтарды қамтиды. Олар: қылмыстық процестің сотқа дейінгі тергеп-тексеру - 67,4 мың, әлеуметтік-экономикалық сала - 28,5 мың, азаматтық істер бойынша сот актілеріне шағымдану - 11,6 мың, әкімшілік істер бойынша - 5мың, қылмыстық істер - 7 мың және атқару өндірісі бойынша олардың саны -11,7 мың. 

Бас прокуратураға адамдардың басым көпшілігі азаматтық істер бойынша актілерге шағымданып - 5,3 мың өтініш қалдырған. Одан кейін қылмыстық процестің сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша - 2,5 мың,әлеуметтік-экономикалық салаға - 1,1 мың, қылмыстық іске қатысты-2 мың және әкімшілік істерге байланысты - 1,3 мың.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

+7 7172 71 27 66

+7 7172 71 28 19

Бас прокуратурада Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды - 1568286487
Бас прокуратурада Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды - 2050043164
Бас прокуратурада Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды - 600629141
Бас прокуратурада Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды - 1198715091
Бас прокуратурада Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды - 952379982

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.