You are here

Бас прокуратура жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі Қоғамдық кеңестің мәжілісі туралы баспасөз ақпараты (Астана, 2013 жылғы 24 мамыр)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Бас прокуратура жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі Қоғамдық кеңестің мәжілісі болып өтіп, онда Діни экстремизммен және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасы талқыланды.

Бағдарлама жобасын талқылауға Қоғамдық кеңес мүшелері және кеңестің отырысына шақырылған үкіметтік емес ұйымдардың, ресми діни қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік сарапшылар қатысты.

Діни экстремизммен және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзірлеу Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес басталған болатын.

Радикализм, діни экстремизим және терроризмнің барлық нысандарымен және көріністерімен күресті Мемлекет басшысы алдағы кезеңге басым бағыттағы тапсырма ретінде анықтауына орай бұл құжатты дайындаудың қажеттілігі туындады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қаупіне жол бермеу арқылы адамның, қоғам және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Қоғамда, оның ішінде ең алдымен жастар арасында діни экстремизмнің профилактикасын күшейту, сондай-ақ тұрғындарда Қазақстан халқының дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына сәйкес келетін діни сананы қалыптастыру қажеттілігіне ерекше назар аударылған.

Мемлекеттік бағдарламада діни экстремизмге және терроризмге қарсы тұруды іске асыратын мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастырудың жаңа нысандары мен әдістері, соның ішінде халықтың діни сауаттылығын арттыру шаралары қарастырылған.

Мемлекеттік құрылымдардың ақпараттық-насихаттық жұмыстарын азаматтық қоғам институттарын тарта отырып жетілдіру, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудың әдістемелік негізі ретіндегі ғылыми-қолданбалық зерттеулердің сапалық деңгейін арттыру көзделеді.

 Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері осы құжаттың мазмұнына сындарлы ұсыныстар айтты.

Жиналыс қорытындысы бойынша Бас прокуратура әзірлеген Мемлекеттік бағдарламаға оң баға беріліп, жоба Қоғамдық кеңес мүшелерінің қолдауына ие болды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

www.prokuror.gov.kz

twitter.com/#!/GenProkRK, facebook.com/GenProkRK, youtube.com/user/GenProkRK, vk.com/Basprokuratura, el.kz/b194634, genprokrk.yvision.kz, kaztube.kz/ru/channel/62212

kiwi.kz/user/GenprokRK

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.