You are here

Бас прокуратура жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы туралы баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2013 жылғы 12 желтоқсан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңестің осы жылдағы қорытынды отырысы болып өтті, онда прокуратура органдарындағы өтініштермен жұмыс жүргізудің жай-күйі қаралды және Кеңестің 2013 жылғы жұмысына қорытынды жасалды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жан-жақты, толық және дер кезінде қарау прокуратура органдары қадағалау қызметінің басты және шешуші басымдықтарының бірі болып айқындалған.

Қоғамдық кеңестің төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың отырысқа қатысушылардың назарын аударғанындай, өтініштерді қарау қазіргі таңдағы өзекті де маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Ол азаматтардың маңызды проблемаларын шеше және конституциялық құқықтарын қорғай отырып, прокуратура органдарының күнделікті орындайтын ерен еңбектері.

Қарастырылып отырған мәселені талқылай келе, Кеңес мүшелері мемлекеттік органдарға өтініш жасап және оған түбегейлі жауап алу мүмкіндігі азаматтардың конституциялық құқығы ғана емес, сонымен бірге осы органдарға деген сенім білдірудің маңызды белгісі болып табылатындығын атап көрсетті.

Соңғы бірнеше жылдар ішінде прокуратура органдарына өтініш берудің тұрақты үрдісі қалыптасып келеді. Халықпен өзара байланысты жандандыру мақсатында прокуратура органдарына заң бұзушылықтар туралы арыз берудің тәртібін оңайлатуға бағытталған бірқатар шаралар қабылданды.

Мәселен, азаматтардың өтініш-арыздарына жедел түрде ықпал ету мақсатында Бас прокуратураның жанынан ашылған Call-орталық  2011 жылдан бастап жұмыс істейді, сондай-ақ қазіргі таңда арыз берушілерді бейнеконференциялық байланыс арқылы «он-лайн» режимде қабылдау мүмкіндігі қарастырылған. Осылайша, арызданушылар жол жүріп, шығын шығармай-ақ, қажетті мәліметті Бас прокуратураның басшылығына жеткізе алады.

Бұдан бөлек, үйден шықпай-ақ, Интернет арқылы прокуратура органдарына арыздануға мүмкіндік беретін ақпараттық қызмет көрсету порталы құрылды. Сонымен қатар, өтініштерді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылдау бойынша пилоттық жоба шығару туралы мәселе пысықталып жатыр, ол да арызданушылардың прокуратура органдарына қол жеткізуін жылдамдатуға ықпал ететін болады.

2011 жылдан бастап прокуратура органдарында «Бизнес тірегі – Опора бизнеса» атты жоба жұмыс істей бастады. Кез-келген кәсіпкер Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің сайтына кіру арқылы немесе SMS-хабарламасын жолдап, тексерістің заңдылығына көз жеткізе алады.

Мәселені талқылау барысында Қоғамдық кеңестің мүшелері прокуратураның жұмыс жүргізудің осындай инновациялық нысандары мен заманауи әдістерін енгізуі арызданушылардың прокуратура органдарына жақындай түсуін едәуір жеңілдеткендігін атап көрсетті. Бұл жұмысты одан әрі жетілдірудің негізгі жолдарына назар аудара отырып, айтылған ұсыныстар ескерілген жағдайда, прокуратура органдарының арыздармен жұмыс істеудегі құқық қоғаушылық әлеуеті арта түсетіндігі сөзсіз екендігі атап өтілді.

Кеңестің отырысына қатысқан Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында қоғамның сеніміне ие болу деңгейін арттыру құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттарының бірі  ретінде белгіленгендігін атап көрсетті. Осы міндетті жүзеге асыру барысында құрамы еліміздегі танымал қоғам қайраткерлерінен, депутаттық корпус, ғылыми қауымдастық, бұқаралық ақпарат құралдары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен тұратын Бас прокуратураның Қоғамдық кеңесінің прокурорлар мен азаматтық қоғам арасында пәрменді дәнекерге айналғандығына тоқталды.

Ағымдағы жылы Кеңес отырыстарында неғұрлым маңызды құжаттар – Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013–2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның және оған ілеспе Заңның, жаңа редакциядағы Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің жобалары талқыланды. Енгізілген ұсыныстар қадағалау жұмыстарын жетілдіру ісінде және заң жобаларын әзірлегеу барысында пайдаланылды.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес мүшелері Бас прокуратура алқасының және Құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің отырыстарында азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша көптеген өзекті мәселелер қаралған кезде белсенді түрде атсалысты.

Отырыстың қортындысы бойынша А.Дауылбаев Кеңестің қоғамдық мәні зор байланыстырушылық рөлін ерекше атап көрсете отырып, оның мүшелеріне заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша бірлесе атқарған жемісті еңбектері үшін алғыс айтты.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.