Бас прокуратура жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі консультативтік кеңестің құрылғаны туралы

08 сәуiр 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурордың бұйрығымен Бас прокуратура жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі консультативтік кеңес құрылды.

Кеңестің құрамына көрнекті қоғам қайраткерлері және беделді мамандар енді, олардың тәжірибесі, кәсібилігі және белсенді азаматтық ұстанымы кеңестің алдында тұрған жауапты міндеттерді жемісті шешуге септігін тигізеді. Олардың құрамында депутаттық корпустың, ғылыми ортаның, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енді.

Консультативтік-кеңесші органның негізгі міндеттері ретінде еліміздегі заңдылықтың жай-күйін арттыру, мемлекеттің құқықтық саясатын жүргізуге көмек көрсету, прокуратураның үкіметтік емес ұйымдармен және тұрғындармен өзара қарым-қатынасын дамыту және одан әрі жетілдіру болып белгіленді.

Кеңес заңдылықтың үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалуының кепілдігін арттыруға, прокуратура қызметіне қоғамдық бақылауды күшейтуге ықпал ететін болады.

Қоғамдық институт азаматтардың құқық қорғау жүйесіне деген сенім деңгейін арттыру және қоғамды толғантатын өзекті мәселелерді шешу жолындағы пәрменді құрал болмақ.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Консультативтік кеңестің құрамы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу