You are here

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы мен «Назарбаев Университеті» Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Меморандум негізгі мақсаты білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі саласында ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Тараптар келісім аясында оқытудың озық әдістерін дамыту тәжірибесімен ауысуға ниет білдіріп отыр. Сонымен қатар, Меморандум профессорлық-оқытушылық кадрлармен ауысуды, магистранттардың, докторанттардың (PhD) ғылыми-педагогикалық біліктіліктерін арттыруда өзара көмек көрсетуді қарастырады.

 «Біздің Академияның алдында ведомстволық білім мекемелері үшін үлгі болу мақсаты тұр. Бұл жолда Назарбаев Университеті біз үшін бағыт көрсететін нысана болып табылды. Сіздер қолданып жүрген оқытудың қазіргі заманға сай формалары мен әдістері, инновациялық зерттеу орталықтары, университеттің IT–инфрақұрылымы бізді қызықтырады, - деп атап көрсетті Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжанов.

Бұрын екі оқу орнының арасында білім беру процесінде өзара әрекет етудің біріккен тәжірибесі болды. Ағымдағы жылдың сәуір айында Университет мамандары құқық қорғау органдарының жоғары буынының басшыларына арналған АҚШ сарапшыларымен «онлайн» режимінде өткен оқыту семинарына қатысты.

Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу да меморандумға қол қойылуын жоғары бағалады. Ол Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясаттың жоғары мектебі Академиямен мемлекеттік саясаттың неғұрлым өзекті мәселелері, заңдылық пен құқықтық тәртіпті күшейту мәселелерін зерттеу және талдау жүргізу бағыттары бойынша ынтымақтастық орнататынын атап өтті.

Сондай-ақ, ЖОО қол қойылған келісім аясында құқық қорғау органдары қызметінің практикасы, қылмыстылықпен күрес және т.б. проблемалар бойынша бірлесіп ғылыми зерттеулер, ғылыми-практикалық конференциялар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер және форумдар ұйымдастыруды және өткізуді жоспарлап отыр.

Бас прокуратура жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.