You are here

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қалыптасу перспективалары туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2015 жылғы 30 қыркүйек)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып өтті, онда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының құрылуына орай құқық қорғау органдарының ведомствоаралық ғылыми және білім беру қызметі дамуының перспективалары мәселелері талқыланды.

Оның жұмысына Үйлестіру кеңесінің мүшелері, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, Парламент депутаттары қатысты.

Жиын барысында күш құрылымдарындағы ведомстволық білім беруді одан әрі жетілдірудің перспективаларына, Құқық қорғау органдары академиясы қызметінің негізгі бағыттарына талдау жасалды, оқу орнының қалыптасуы аясында тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасасу бойынша ұсыныстар әзірленді.

Жиналысты аша отырып Бас Прокурор атап өткендей, ағымдағы жылдың мамыр айында Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың маңызды буынына айналды.

Баяндама жасаған Академияның ректоры Ұ.Байжанов Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысушыларды жоғары оқу орнының жоспарланып отырған ғылыми және білім беру қызметімен жан-жақты таныстырып, оны дамытудың перспективалары туралы әңгімелеп берді.

А.Дауылбаев еліміздің Президенті алдымызға қойған кадрлық әлеуеттің сапасын арттыру, құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің қатарын лайықты түрде толықтыратын заңгерлердің жаңа толқынын оқыту және тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиімді жүзеге асыруды тапсырды.

Мәжіліске қатысушылар құқық қорғау органдарының алдында тұрған келелі міндеттердің бірі - кадрлық құрамды қалыптастыру және нығайту болып табылатындығына ерекше назар аударды. Түптеп келгенде, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі жұмыстың тиімділігі, сондай-ақ азаматтардың сенім білдіру деңгейі қызметкерлердің кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігіне, олардың іскерлік және адамгершілік қасиеттеріне тікелей байланысты болып табылады.

Сондықтан да, осынау жаңа оқу орнының дүниеге келуін уақыттың өзі талап етті және ол құқық қорғау жүйесінің алдыңғы қатарлы білім беру және ғылыми орталығына, ғалымдар мен іс басындағы мамандардың тәжірибе алмасар алаңына айналуы тиіс.

Академияның негізгі бағыттары ретінде Президенттік резервте тұрған құқық қорғау органдарының басшылық құрамын қоса алғандағы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу және үйлестіру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру болып анықталған.

Оқыту бағдарламасы тыңдаушыларға қажетті теориялық білім берумен ғана шектелмейді. Білім беру бағдарламалары ең алдымен тәжірибе барысындағы сұранысқа және әрбір құқық қорғау органы жұмысының ерекшелігіне бағдарланған. Сонымен қатар бағдарламалар құқық қорғау жүйесін бірыңғай ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуге, сондай-ақ қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін практикалық қызмет барысында пайдалануға мүмкіндік береді. Осылайша, тәжірибемен ұштастырылған мамандандырылған даярлық еңбекке араласқан жас маманның кәсіби шыңдалуына жол ашып, оның еңбек өнімділігін арттыруына ықпал етпек.

Талқылау қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесі Академияның алдында тұрған ведомствоаралық ғылыми және білім беру қызметтерін дамыту жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған келісілген шешімдер қабылдады. Кәсіби даярлық жүйесін жетілдіру, кадрлардың біліктілігін арттыру, құқық қорғау органдарын ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша заңнамалық және ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылдау қажеттілігі атап өтілді.

Әрбір құқық қорғау органының біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау бойынша қажеттіліктерін анықтау, қызметкерлердің құзіреттіліктерін бағалау және сертификаттаудың ережелерін нормативтік бекіту, ғылыми зерттеулердің тақырыптары жөнінде дәйектемелер енгізу ұсынылды.     

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.