You are here

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің бірінші отырысы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана қаласында Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің бірінші отырысы болып өтті.

Кеңес құқық қорғау саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді жоспарлау, үйлестіру және өткізу мақсатында құрылған.

Консультативтік-кеңесші орган құрамына Парламент Сенатының депутаты Георгий Ким, Конституциялық кеңес мүшесі Ілияс Бахтыбаев, Парламент Мәжілісі V шақырылымының депутаты Оңалсын Жұмабеков тәрізді еліміздің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, Бас прокуратура, ІІМ, басқа да құқық қорғау құрылымдарының аппарат және кадр бөлімшелерінің басшылары және жетекші ғалым-заңгерлер кірді.

Академия ректоры Ұлан Байжанов алғы сөзінде атап өткендей, Мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесі алдына қойған міндеттерін жүзеге асыру тұрғысында ғылыми-зерттеу ізденістерін жүргізу және бірыңғай ғылыми саясатты анықтау барлық күш құрылымдары қызметінің тиімділігін арттырудың қажетті объективті шарты болып табылады.

Отырыс барысында құқық қорғау жүйесін жаңғырту және заңдарды реформалау жағдайында құқық қорғау органдарының ғылыми-зерттеу қызметін одан әрі жетілдіру мәселесі жан-жақты талқыланды.

Еліміздегі криминогендік жағдайдың дамуын болжау, қоғамда құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру, жыныстық тиіспеушілік, алаяқтықпен күрес, құқық қорғау органдары құрылымдарының терроризмге және экстремизмге тосқауыл қоюда үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы ғылыми зерттеу тақырыптары ерекше қызығушылық тудырды.

Отырыс қорытындысы бойынша кеңес қызметін реттейтін ұйымдастырушылық құжаттар, сонымен қатар бірлескен іргелі және қолданбалы зерттеулер тақырыптары бекітілді.

Бас прокуратура жанындағы

Құқық қорғау органдарының академиясы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.