Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының аккредиттеуден өткені туралы баспасөз ақпараты

19 қараша 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алғаш рет еліміздің құқық қорғау жүйесінің ғылыми-білім беру мекемелері арасында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы сәйкес куәлік ала отырып ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде Білім және ғылым министрлігінің кешенді аккредиттеуінен өтті.

Академияны аккредиттеу мынадай талаптарды рейтингтік талдаудың жоғары нәтижелері негізінде жүргізілді, олар - ғылыми әлеуеттің сапалық және сандық көрсеткіштері (ғылыми дәрежесі бар қызметкерлер, сертификатталған немесе аттестатталған талдау және бақылау әдістемелері және т.б.), ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметі (мемлекеттік, салалық және нысаналы бағдарламаларға сәйкес).

Аккредиттеуден өту Академияға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің конкурстарына қатысуға құқық береді.

Бас прокуратура жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу