You are here

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы және Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хаб арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжанов пен Астана қаласындағы Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменовтің ресми кездесуі өтті.

Ұ.Байжанов атап көрсеткендей, Құқық қорғау органдарының академиясын құру күш құрылымдарының кадрларын, оның ішінде президенттік резервті сапалы даярлау қажеттілігінен туындады. Осыған байланысты Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хабпен меморандумға қол қою бұл бағыттағы жемісті ынтымақтастықтың бастамасы болады.

Ә.Бәйменов алда тұрған ынтымақтастықтың маңыздылығын айта келіп, күш-жігерді біріктіру құқық қорғау жүйесі өкілдерін кәсіби даярлаудың сапалы деңгейін қамтамасыз етуге, сонымен қатар кешенді ғылыми қызметті жүргізуге көмектесетініне сенім білдірді.

Кездесу нәтижесінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде тараптар құқық қорғау органдары қызметкерлерін оқытуға және құқық қорғау қызметінің көкейкесті мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы сипаттағы бірлескен зерттеулер жүргізуге үйлестірілген күштерін бағыттайтын болады.

Астана қаласындағы мемлекеттік қызмет саласындағы Аймақтық хаб Қазақстан Үкіметінің және БҰҰ ДБ бастамасы бойынша 2013 жылы  Астанада 25 мемлекеттің және 5 халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен Құрылтай конференциясында құрылды. Хабтың міндеті аймақтағы  мемлекеттік қызметтің тиімді жүйелерін дамытуға жағдай жасау болып табылады.

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.