You are here

Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы туралы баспасөз ақпараты (2015 жылғы 22 желтоқсан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың төрағалығымен Бас прокуратура жанындағы Заңдылықты қаматамасызету жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті.

Жиналыста прокуратура органдарында өтініштермен жұмыс істеудің жайкүйі, соның ішінде қылмыстық процеске қатысушылардан түсетін арыздарды қарау, азаматтарды жәнезаңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастырумәселелеріқаралды.

Қ.Сұлтановатапөткендей, Мемлекет басшысы қоғамның талабына сай құқықтық жүйе құру міндетін қойды. Оны ойдағыдай жүзеге асыру азаматтардың конституциялық құқықтарының толықтай қорғалуын қамтамасыз етуге, құқық қорғау жүйесіне қоғамның сенімі нарттыруға мүмкіндік береді. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуде прокуратураның құқық қорғаушылық функциясы айтарлықтай тиімді жүзеге асырылады, өйткені прокурор нақты адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге шаралар қабылдайды.

Қоғамдық кеңес мүшелері қадағалау органдарының өтініштерді шешу, өтініштерді беруді оңайлатуға және олардың қаралуын жеделдетуге септігін тигізетін электрондық жүйелерді енгізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өтініштерді қарау тәртібі туралы заңанама талаптарын сақтауына қадағалауды күшейту жөніндегі жұмыстарын атап өтті.

Кейінгі он жылда прокуратураға түскен өтініштер саны үштен бір есеге (2005 жылғы 170 070-тен 2014 жылы 294 731-ге дейін) өскен, ағымдағы жылдың 11 айында 299 мыңнан астам өтініш түскен. Оларды қараудың нәтижелері бойынша жыл сайын орташа есеппен 20 мың азаматтың құқығы қалпына келтіріледі.

Биылғы жылдың 11 айында бұзушылықтарды жоюға бағытталған 2700-ден астам прокурорлық қадағалау актісі енгізілген, 1,5 мыңнан астам лауазымды тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылған.

Ақпараттық технологиялардың дамуымен бірге бейнеконференциялық байланыс арқылы азаматтарды«он-лайн» режімде қабылдау кеңінен таралып отыр. Кейінгі бес жыл ішінде 775 азамат осы тәсілмен қабылданған. Прокуратураның лауазымды тұлғаларымен бейнебайланыс арқылы сөйлесу халыққа уақыт пен қаражатты үнемдеу тұрғысынан ыңғайлы әрі тиімді болып табылады.

Бас прокуратураның Call-орталығының жұмысы қоғаммен байланыс жасаудың маңызды жолы болып отыр, бұл да азаматтар құқықтарының бұзылуына жедел назар аударуға, олардың қажетті ақпаратқа жедел әрі ыңғайлы қол жеткізуіне септігін тигізеді.Бүгінгі таңда Call-орталық 185 мыңнан астам азаматтың өзіне қажетті ақпаратты телефон арқылы тегін алуына немесе олардың лауазымды тұлғалар тарапынан болған бұзушылықтар туралы хабарлауына мүмкіндік берді.

Бұл ретте адамдар үшін неғұрлым маңызды болып табылатын азаматтық құқықтар мен бостандықтардың бұзылуы туралы, сондай-ақ еңбекші топтардың мүдделеріне нұқсан келуі, әсіресе еңбек құқықтарының бұзылғандығы туралы телефон хабарламаларына ерекше назар аударылады. Кейінгі бес жылда Call-орталық арқылы түскен мәліметтерді тексерген прокурорлар төленбеген жалақыбойынша132 млн. теңгеден астам қаржыны құрайтын қарыздың төленуін қамтамасыз етті.

Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес қадағалау органына прокуратураның халыққа жақындығынжәне ашықтығынарттыра түсу, өтініштерді жан-жақты және сапалы қарауды қамтамасыз ету, бұзылған құқықтарды жедел қалпына келтіру, өтініштерініңқаралу нәтижелері туралы азаматтардың ақпарат алуын ыңғайлы ете түсу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды ұсынды. 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.