You are here

Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2015 жылғы 2 шілде)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін  Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық Кеңестің кезекті  отырысы болып өтті, онда 2013 жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысы мақұлдаған Құқық қорғау органдарының кадрлық саясат тұжырымдамасы бойынша жүзеге асырылған іс-шаралардың аралық қорытындысы және құқық қорғау қызметіне кадрларды даярлаудың жаңа тәсілдемелері талқыланды.

Жиын жұмысына Президент Әкімшілігі, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, бірқатар қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.

Тұжырымдаманың басты мақсаты жоғары кәсіби білікті құқық қорғау органдарының кадрлық құрамын құру болып табылады және бұл Мемлекет басшысы жариялаған кәсіби және дербес мемлекеттік аппарат құру жөніндегі бірінші институционалдық реформамен сәйкес келеді.

Құқық қорғау жүйесін реформалауға жетекші рөл берілген Тұжырымдамада Бас прокуратура әзірлеген кадрлық басқару жөніндегі алдыңғы инновациялық технологиялар, қызметтің ұстанымдық модельінен мансаптық түріне өту, қызметкердің заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықтың сенімін арттыруға барынша бағдарлау ұғымдары енгізілген.

Аталған құжатты жүзеге асыру барысында қызметтік дайындықтың инфрақұрылымы мен әдістерін жаңғыртудың инновациялық ұсыныстары енгізілген, «конкурсқа дейінгі тәртіпті» енгізе отырып қызметке түсудің конкурстық тәртібін жетілдіру, кәсіби біліктілік модельдері негізінде қызметкердің біліктілігін бағалау, қызметтік жүктемені және  прокуратураның штаттық санының нормативтерін айқындаудың әдістемелері жасалған, «кәсіби тілдік ортаға жіберу» инновациялық жобалары енгізілген, «Прокурор энциклопедиясы» анықтамалық жүйесі, заң нормалары және қалыпсыз жағдайларда өзін ұстау бойынша тестілеу жүргізіледі, психологиялық-әлеуметтік және кадрлық процестерді полиграфологиялық қамтамасыз ету қызметі құрылған, кадрлық процестерді басқарудың бірегей  ақпараттық-талдау жүйесі енгізілген.

Қоғамдық Кеңес төрағасы Қуаныш Сұлтанов атап өткендей, кадрлық саясатты түбегейлі жетілдіру құқық қорғау жүйесін дамытудың стратегиялық факторы болып табылады. Құқық қорғау органдарына өздерінің іскерлік және моральдық жағынан заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша жемісті жұмысты,сондай-ақ халықтың жоғары сенімін қамтамсыз ете алатын білікті мамандар қажет.

Осы бағытта жетекші жоғары білім беру мекемелерімен ұзақ мерзімге серіктестік келісімдерге қол қойылды. Қажетті кәсіби әлеуеті бар жас мамандар пулы құрылуда. ҚазГЗУ мен бірлесе отырып  жаңа оқыту әдістерін енгізу, оқыту бағдарламаларының сапасын арттыру, прокурорлық қызметтің  әртүрлі бағытында кәсіби стандарттарын әзірлеу жұмыстары басталды.

Бас прокуратураның кадр жұмысы Департаментінің бастығы, «КазГЗУ» АҚ-ның «Құқық» мамандық тобы бойынша Жұмыс берушілердің Үйлестіру Кеңесінің төрайымы Р.Досымбекова құқық қорғау органдары кадрларын даярлаудың жаңа тәсілдемелері, аталған бағытта атқарылған жұмыс көлемдері туралы отырыста баяндады.

Мысалға, оқу кезеңінде үш тілді меңгеруге жағдай жасау үшін, «Заңгерлік тәжірибедегі іс жүргізу бойынша тілдік әдістеме» атты оқу әдістемелік құралы әзірленуде.

Жоғары білім беру мекемелерінде оқу құқық қорғау органдарының кәсіби қызметкерін дайындаудың бірінші кезеңі деп қарастырылады. Сондықтан қызметкерлердің моральдік-психологиялық бейнесіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда кәсіби және психологиялық дайындық деңгейіне қойылған жаңа талаптар енгізу жоспарлануда.

Алдағы уақытта кәсіби стандарттар әзірленеді, студенттердің практикалық дағдыларын дамытуға жоғары білім беру мекемелерінің жұмыстары жандандырылады, студенттерді оқыту тәсілдемелері күшейтілген. Жалпы алғанда, құқық қорғау органдарында жас мамандарды даярлауға жұмсалатын күшті оқу процесіне ауыстыру ұсынылады. Нәтижесінде, құқық қорғау органдары бітіруші түлекті еш бастапқы оқытусыз, еңбектік, материалдық шығынсыз білікті қызметкерге ие болады.

Сондай-ақ, кадрларды даярлау, олар бойынша ұсынымдар әзірлеу, олар бойынша ақпарат жинап, талдау жасау жөнінде бірлескен жұмыстарды жүргізу үшін жоғары білім беру мекемелері, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар арасында  арнайы комиссия құру үлкен қызығушылық туғызды.

Қоғамдық кеңес мүшелері - танымал қоғам қайраткерлері, депутаттық корпус, ғылыми қауымдастық, бұқаралық ақпарат құралдары,  мемлекеттік емес ұйымдар және қоғамдық бірлестіктер өкілдері Құқық қорғау органдарының кадрлық саясат Тұжырымдамасын жүзеге асыру және қызметке кадрларды даярлау жүйесінің жаңа тәсілдемелерін жақсы бағаланды. Жүргізіліп жатқан кадрлық саясаттың Мемлекет басшысының сайлау алаңында жариялаған кәсіби мемлекеттік аппарат құру жөніндегі реформасына  сәйкес келетіндігі атап өтілді.

Прокуратура органдарында студенттердің оқу және өндірістік тәжірибесінің тиімділігін арттыру, студенттерді тәрбиелеу және оқу  процестерін құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметімен үнемі байланыста болуын қамтамасыз етуді, оқыту процесіне және тәрбиелеуге қызметкерлерді кеңінен тарту, студенттерді бүкіл оқыту мерзімі кезінде сүйемелдеу жөнінде бірыңғай стратегия әзірлеуге кеңес берілді.

Сондай-ақ, заңгерлік тәжірибеде және оқуда жәрдемші болатын бірнеше арнайы оқыту құралдарын әзірлеуді жалғастыру айтылды.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының Кадрлық саясат Тұжырымдамасын жүзеге асырудың кейінгі кезеңдерін Қоғамдық Кеңесте қарау ұсынылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.