You are here

Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңестің мәжілісі туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2014 жылдың 27 ақпаны)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың төрағалық етуімен Бас прокуратура жанындағы  Қоғамдық кеңестің мәжілісі болып, онда Бас прокуратураның инновациялық жобалары талқыланды.

Мәжіліс барысында Қоғамдық кеңес мүшелеріне құқықтық статистиканы қалыптастыру жөніндегі қазіргі ақпараттық жүйенің мүмкіндіктері көрсетілді.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаева атап өткендей, енгізіліп отырған инновациялар мемлкеттік институттарды және жұртшылықты еліміздегі заңдылық пен құқық тәртібінің жай-күйі туралы ақпараттармен қамтамасыз етуге, құқық қорғау қызметінің ашықтығын арттыруға, қоғам мен мемлекеттің кері байланысының пәрменді механизмін жасауға,  адамдардың билік органдарына сенімін арттыруға бағытталған,

Осы мақсатта 6 автоматтандырылған ақпараттық жүйе жасалып, ондағы ақпараттар статистикалық есеп берудің 43 түріне және арнайы есепке алудың 16 түріне біріктірілген. Қылмыстарды тіркеуден бастап оларды сотта қараудың нәтижелеріне дейінгі деректердің біртұтас есебі қамтамасыз етілген. Осы деректер негізінде азаматтар үшін өзекті де қажетті инновациялық  жобалар жасалды.

Мәселен, бастапқы инновациялық идея ретінде 2011 жылы арыздар мен ақпараттардың электронды есепке алу кітапшасы іске қосылып, онда нақты уақыт тәртібінде қылмыстар туралы барлық тіркелген хабарламалар жинақталды. Өтініштерді тіркеу процесі қарапайым және қызметкерлер үшін қолайлы, ал азаматтар үшін ашық. Бұл жүйе әр арыз бен хабарламаның қаралу барысын қадағалап отыруға мүмкіндік береді.  Сонымен қатар ол арыздардың жылдам да жан жақты қаралуына, сөзбұйдалықты төмендетуге жол ашып, полиция қызметкерлерінің азаматтармен қызметтен тыс байланысын барынша азайтты.

Еспке алу-тіркеу саласын тәртіпке келтіру, өз кезегінде, есепке алудан жасырылған қылмыстардың санын едәуір азайтуға, тасада қалған қылмыстарды жарыққа шағарып, еліміздегі қылмыстылықтың шынайы көрінісін жасауға қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Кері байланыс орнатуды және билік органдарының азаматтардың өтініштеріне тиісінше қарауына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету үшін «Айқын» жобасы жасалды. Ол өтініштердің мемлекеттік органдарда қаралуын құжаттардың барлық жылжу кезеңдерінен бастап ол жөнінде шешім қабылданғанға дейін Интернет арқылы көріп отруға мүмкіндік береді. Келесі жылдан бастап бұл жүйе ауылға дейінгі биліктің барлық органдарын қамтитын болады.

Комитет сайтынан көрнекі түрде көрсетілген крминогенді  аймақтарды жалпы ел бойынша, сондай-ақ нақты облыс орталығында, үйлер мен көшелеріне дейін кез келген уақыт аралығында кеңінен қамтылған қылмыстылық картасынан көруге болады. Бұл картаны полиция нарядтарын орналастыру, бейнебақылау камераларын тиімді орнату және басқа да алдын алу шаралары үшін  ішкі істер органдары қазірдің өзінде жиі қолданып жүр.

Жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтер негізінде жасалып, еліміздің жолдары мен елді мекендерінің ең қауіпті бөліктерін көрнекі түрде ескертіп тұратын Жол апаты қартасы жол полициясы органдарының және басқа уәкілетті қызметтерге баға жетпес көмек ретінде танылып отыр.

«Бизнес тірегі» жобасын енгізу кәсіпкерлер үшін маңызды ақпараттық сервистің бірі болды. Оның мақсаты – бизнесті тексеруді өткізудің айқындылығын қамтамасыз ету мен  кәсіпкерлердің қызметіне  мемлекеттік органдардың заңсыз араласу фактісін барынша азайту. Сервис арқылы кәсіпкерлер тексерудің тіркелуінің анықтығын өз бетінше тексеру мүмкіндігіне ие болып, тексерушілер тарапынан болған өз құқығының бұзылғаны туралы прокурорларға жедел хабарлай алады.

Қылмыстылықтың алдын алу міндеті сондай-ақ әлеуетті құрылымдардың күш-жігерін біріктіріп, ақпараттық алмасудың біртұтас ведомствоаралық жүйесін жасау қажеттілігін алға тартты, ол қазірдің өзінде қылмыстың уақтылы алдын алу және ашу үшін қажетті 61 деректер қорын біріктіріп отыр.

Бір ақпараттық терезеде барлық деректер қорын ықпалдастыру құқық қорғау органдары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және жедел қызметкерлерге басқа органдарға ешқандай сұрау салмай-ақ күдікті адам туралы қажетті ақпаратты алуға, оның мүлкіне тыйым салуға және басқа да шектеу шараларын келтіруге мүмкіндік береді. Мысалы, өткен жылы осы жүйенің арқасында іздеу салынған адамдардың мемлекеттік органдарға өтініш бергендері немесе азаматтық мәміле жасағандары туралы жүзге жуық факт анықталып, олар прокурорлар мен қылмыстық қудалау органдарына дер кезінде хабарланды.

Қоғамдық кеңес мүшелері Бас прокуратураның қылмыстық-құқықтық статистиканың тиімді жүйесін қалыптастыру бойынша жүргізген жұмыстарының нәтижелерін жоғары бағалады. Қоғамдық кеңестің төрағасы Қуаныш Сұлтанов атап өткендей, бұл жаңалықтар барлық құқық қорғау саласы жұмысының тиімділігіне оң әсер етіп, мемлекеттік билік органдарының ашықтығын және азаматтардың әлеуметтік маңызды қызмет көрсетулерге қол жетімділігін қамтамасыз етті. Бұл өз кезегінде олардың құқық қорғау органдарына деген сенімін одан әрі нығайтуына жәрдемін тигізбек.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.