You are here

Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңес отырысы туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 27 мамыр 2014 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың төрағалығымен Бас прокуратураның Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті, онда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.

Жиналыс жұмысына Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы және Өңірлік даму министрлігінің өкілдері қатысты.

Кеңес төрағасы Қ.Сұлтанов атап өткендей, әкімшілік кедергілерді азайту және бизнесті заңсыз араласудан қорғаудың кепілдігін қамтамасыз ету бойынша мақсатқа бағытталған шаралар қабылдануда. Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбындағы өз Жолдауында бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасауға тағы да назар аударды. Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту дегеніміз мемлекет пен бизнестің серіктестік қарым-қатынасын, қолайлы бизнес-климатты қалыптастыру, анықтау және жазалау саясатынан адал ниетті кәсіпкерлерді ескерту және көтермелеуге өту бойынша реформалар жасауды білдіреді.

Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауында тұр, ол бойынша ағымдағы жылдың сәуірінен бастап шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеру тоқтатылды.

Тексерістер тоқтатылған уақыттан бері мемлекеттік органдар бастамашы болған 3 тексеріс тіркелген, ал осыған дейін жыл бойына орта есеппен 200 мың шамасында тексеріс жүргізіліп келген. Прокуратура органдары тексеріс тағайындау туралы 10 актіні тексеруден бас тартты. Мораторий талаптарын бұзғандары үшін 11 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Мораторий енгізуден күтілетін басты нәтиже – бизнесті дамытуға ыңғайлы жағдай жасау және әкімшілік ауыртпалықты азайту болып табылады. Сонымен қатар, жиналыста аталып өтілгендей, мемлекеттің бастамасын кәсіпкерлердің дұрыс түсінуі және заңдылықты мүлтіксіз сақтаудың да маңыздылығы ерекше.

Жиналысқа қатысушылар Бас прокуратураның шаруашылық субъектілерін тексеруді жоспарлау және жүзеге асыру жүйесін реформалау туралы бастамасының маңыздылығын атап өтті. Бақылаушы органдардың тексеріс жоспарларын бас қадағалау органының интернет-порталында міндетті түрде тіркеуді енгізудің нәтижесінде тексерістерді объективті есепке алу жолға қойылды, ал кәсіпкерлер өз бетінше тексерушілерді және тексерістердің заңдылығын бақылауға мүмкіндік алды.

Тексерушілердің заңсыз әрекеттерін дереу тоқтатуға арналған мобильдік топтардың, сондай-ақ тексерістерді жүргізу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған «Бизнес тірегі» жобасының жұмыс нәтижелілігі аталып өтілді.

Осы және басқа шаралардың нәтижесінде, мысалға, өткен жылы прокурорлар бизнес субъектілеріне негізсіз жоспарланған 2,5 мың  тексерістің жолын кесті, 13 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Тұтастай алғанда, тексеру іс-шараларының саны айтарлықтай төмендеді. Егер 2010 жылы республикада айына орта есеппен 45 мыңнан астам тексеріс тіркелген болса, онда 2013 жылы бұл 23 мыңға дейін азайды. Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш айына 9 мыңнан астам тексерісті құрап отыр.

Бас прокуратура және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюы прокуратура органдарының бизнес-қауымдастықпен күш-жігерін шоғырландырудың бір көрінісі ретінде болды. Келісім аясында өңірлердегі кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері талқыланады, адал ниетті кәсіпкерлердің қызметіне негізсіз араласу фактілерін ескерту және жолын кесу бойынша жүйелі шаралар қабылданады.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің пікірінше, Мемлекет басшысының кәсіпкерлікті жаппай қолдау, негізсіз тексерістердің санын азайту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру  жөніндегі тапсырмаларын тиімді жүзеге асыру осы салада объективті тәртіпті жолға қоюға, бизнеске әкімшілік қысымды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.

Осыған орай, кәсіпкерлік ортада заңдылықтың бұзылуын ескерту және жедел жою, Президенттің кәсіпкерлік қызметке ыңғайлы жағдай жасау туралы тапсырмаларын тиісінше жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру ұсынылды. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторийдің мүлтіксіз сақталуына тиісті прокурорлық қадағалауды қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.