Бас прокуратура заңсыз сот актілеріне наразылық келтірді

03 сәуiр 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жыл басынан бері Жоғарғы Сот Бас Прокурордың наразылығы негізінде 11 сот актісін қайта қарап, мемлекет пайдасына 2,6 млрд. теңге өндірді.

Бұл мемлекеттік сатып алу, салық және т.б. дауларға қатысты.

Мысалы, Алматы қаласының соттары заңсыз салық органыны хабарламасының күшін жойып, «OLIMPKZ» букмекерлік кеңсесі»    ЖШС-ін 1,8 млрд. теңгеге ойын бизнесіне салық төлеуден босатқан.

Букмекерлік кеңсе ойыншылардан интернет ұтыстар қабылдайды. Ойыншы ұтылса, ол Олимптің кірісі және түскен қаражаттан ойын бизнесіне салық төленуі тиіс. Алайда, Олимп салықты төлемеген. Нәтижесінде мемлекетке 1,8 млрд. теңге мөлшерінде залал келтірді.

Бұл орайда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры наразылық енгізді.

Жоғарғы Сот наразылықтың уәждерімен келісіп, 2018 жылдың    27 наурызында жергілікті соттардың сот актілерінің күшін жойды және Олимптің өтінішін қанағаттандырмады.

Сол күні Олимп 1,8 млрд. теңге көлемінде салықты төледі.

Сонымен қатар, Жоғарғы Сот Бас Прокурордың басқа да істер бойынша наразылығы негізінде 800 млн. теңге қосымша салық салуды заңды деп таныды. Өйткені салық төлеушілер тауарды белгілі бір  тұлғалардан алғанын дәлелдей алмады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу