You are here

Бас прокуратура үлестік құрылыс туралы заңнаманың талаптарын түсіндірді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас прокуратура үлестік құрылыс туралы заңнаманың  талаптарын түсіндірді - 2134245588

23 маусым 2017 жыл, Астана қ. Елорда әкімдігінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнаманың қолданылуы туралы жиналыс өтті.

Жиналыс жұмысына Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Хорошун С.М., Бас прокуратура Департаментінің аға прокуроры Атембеков Р.Г., Инвестициялар және даму министрлігінің  және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ, сондай-ақ 200-ге жуық құрылыс компанияларының өкілдері қатысты.

Әкімдіктің рұқсатынсыз, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ кепілдік беру туралы шартынсыз тұрғын үйді заңсыз  сатуды болдырмау жөнінде сұрақтар талқыланды.

Әкімдік 23-тен аса объектілерде баспаналарды сату туралы заңсыз жарнамаларды анықтап, осы фактілерді құзырлы органдарға хабарлады. Олар бойынша материалдар Ішкі істер мен Мемлекеттік кірістер департаменттеріне  қажетті шараларды қабылдау үшін берілді.

Бас прокуратураның қызметкері «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңының талаптарын бұзбау жөнінде құрылыс компаниялары өкілдерін алдын ала ескертті.

Ринат Атембеков: «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңының 3-бабы 2-тармағына сәйкес тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын Заңда белгіленген талаптарды бұза отырып тартуға тыйым салынады. Заңның талаптарын бұза отырып құрылыс үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту жөнінде жүргізілген мәміле жарамсыз деп танылады», - деп атап өтті.

Сонымен қатар «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңының талаптарын жан-жақты түсіндірді және осы салада заңнаманы бұзу әкімшілік және қылмыстық  жауаптылықтың туындайтынын еске салды.

Қр Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

+7 7172 71 27 66

+7 7172 71 28 19

Бас прокуратура үлестік құрылыс туралы заңнаманың  талаптарын түсіндірді - 1540371972

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.