Бас прокуратура сұрау жүргізуде

16 маусым 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Жақып Асанов прокуратура органдарының кадрлық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс жиналысын өткізді.

Жиын қорытындысы бойынша салалық бөлімшеге бірқатар тапсырмалар берілді, соның ішінде қызметкерлерді таңдаудың алдыңғы қатарлы технологияларын енгізу мүмкіндіктерін зерттеу жүктелді.

Прокуратура органдарына кадр іріктеудің ағымдағы жағдайына қатысты қоғамдық пікірді бағалау үшін Бас прокуратураның сайтында (http://prokuror.gov.kz) сұрау жүргізілуде.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу