You are here

Бас прокуратура мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының одан әрі өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі бірлескен жиналысы туралы баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2014 жылғы 24 маусым)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Бас Прокурор Асхат Дауылбаев пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен бірлескен кеңес өтті.

Отырыста былтырғы жылдың аяғында Бас прокуратура мен Кәсіпкерлер палатасының арасында қол қойылған Ынтымақтастық жөніндегі меморандумның шеңберіндегі бірлескен жұмыстың алғашқы нәтижелері қорытындыланды, сондай-ақ бұдан кейінгі өзара әрекеттесудің басым бағыттары талқыланды.

Асхат Дауылбаев келісімнің және прокуратура органдары күш-жігерінің бизнес қауымдастықпен бірігуінің кәсіпкерліктің дамуы және ары қарай өсуі үшін маңыздылығын атап өтті. Бұл жұмыстың басты мақсаты – кәсіпкерлік бастамашылықты жүзеге асыру үшін халықты қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлармен қамтамасыз ету.

Осы жұмыс өз нәтижелерін де беруде. Мемлекет басшысының кәсіпкерлікті барынша қолдау, негізсіз тексерулерді қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру бойынша тапсырмаларын тиімді жүзеге асыру бұл салада объективті тәртіпті қалпына келтіруге, бизнеске әкімшілік қысымды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді.

Тимур Құлыбаевтың пікірінше, мемлекет барлық кезде адал ниетті және заңға құлықты кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауы қажет. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының міндеті кәсіпкерлерге өз қызметтерін құқықтық шеңберде жүзеге асыруға, заңдарды орындау және тұтынушыларды сыйлауға көмек көрсету болып табылады. Ол кәсіпкерлердің тауарлары мен қызметтерінің қауіпсіздігі мен сапасына, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуге негізделген кәсіпкерлік мәдениетін енгізу қажет екенін атап көрсетті.

Мемлекет басшысы қойған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторийді жүзеге асыру мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауында тұр. Осыған орай Бас Прокурордың орынбасары Андрей Кравченко әрекет етуші тыйым салудың бұлжытпай орындалуына тиісті қадағалауды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ кәсіпкерлерлік субъектілерін оларға көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттерін дұрыс түсінуге шақырды.

Кеңеске қатысушылар келешекте де кәсіпкерлікті дамытудың, кәсіпкерлік ортада заңдылықтың бұзылуын ескерту және оның алдын алудың өзекті мәселелерін шешуге, кәсіпкерлік қызметке ыңғайлы жағдай жасау жөніндегі Президенттің тапсырмаларын тиісінше жүзеге асыруға бағытталған күш-жігерлерін шоғырландыруға әзірліктерін білдірді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.