Бас прокуратура мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қоюы туралы баспасөз ақпараты (Астана, 2013 жылғы 23 желтоқсан)

23 желтоқсан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Астанада Бас Прокурор Асхат Дауылбаев пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қоюдың маңыздылығын айта отырып, Асхат Дауылбаев Бас прокуратура мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өзара белсенді әрекеттесуі Мемлекет Басшысымен «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» Жолдауында қойылған кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау бойынша міндеттерді ойдағыдай іске асыруға себепші болуға бағытталғандығын атап өтті.

Меморандумға қол қою прокуратура органдары мен бизнес-ассоциацияларымен жолға қойылған өзара әрекеттестіктің жалғасы болып отыр. Тараптар кәсіпкерлікті дамытудың көкейкесті мәселелерін шешуге, кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілерін алдын алуға бағытталған күш-жігерлерін келешекте де нығайтуға ниет білдіріп отыр.

Бас Прокурор кәсіпкерлерді қорғау прокурорлардың қызметіндегі басым бағыт болып табылатындығын атап көрсетті. Бұл тұрғыда бизнес пен мемлекеттің өзара әрекеттесуін одан әрі дамыту, бизнесті дамытуға әкімшілік кедергілерді төмендету, кәсіпкерлерді заңсыз тексерулерден қорғау бойынша нәтижелі жұмыс жүргізілді.

Қабылданған шаралардың арқасында тексерулердің шынайы есебін жолға қою мүмкіндігі пайда болды. Кәсіпкерлердің қызметіне араласу фактілерінің жолын кесу үшін Бас прокуратураның бастамасы бойынша тексерулерді жоспарлау мен жүзеге асыру жүйесі реформаланды. Барлық деңгейдегі прокуратуралардың жанында құрылған мобильдік топтар тексерушілердің заңсыз әрекеттерінің жолын кесуге бағдарланған.

Атап айтқанда, 2013 жылы прокурорлық тексерулердің нәтижесінде бизнесті қорғау саласында 11 мыңнан астам бұзушылықтар анықталды. 2,5 мыңнан астам бизнес субъектілерін негізсіз тексерудің жолы кесілді. Кәсіпкерлердің құқықтарына қатысты 997 заңсыз актілер өзгертілді және жойылды. 13 мыңнан астам кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды. Түрлі жауапкерлішіліктерге 1220 тұлға тартылды. Нәтижесінде заңсыз жоспарланған тексерулердің саны былтырғымен салыстырғанда 10 есеге төмендеді.

Тараптар атқарылып жатқан жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша бірлескен ұсыныстарды жүзеге асыру үшін өзара әрекеттесудің түрлі нысандарын пайдалану, ақпаратпен тұрақты алмасу, аумақтық прокуратуралардың жергілікті бизнес-қауымдастықпен өзара белсенді әрекеттесуін қамтамасыз ету жөнінде келісті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу