You are here

Бас прокуратура мен Қазақстанның Интернет қауымдастығының өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қоюы туралы баспасөз ақпараты (Астана, 2014 жылғы 18 ақпан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Астанада Бас Прокурордың орынбасары Андрей Кравченко мен Қазақстан Интернет қауымдастығының Президенті Шавкат Сабиров өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қоюдың маңыздылығын айта отырып, Андрей Кравченко Бас прокуратура мен Қазақстан Интернет қауымдастығының өзара белсенді әрекеттесуі прокуратура органдарының үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жолға қоюдың жалғасы болып табылатынын атап өтті.

Тараптар Интернет желісінің қазақстандық сегментінде құқыққа қайшы контенттің таралуына қатысты өзекті мәселелерді шешуге бағытталған күш-жігерді шоғырландыруды көздеп отыр.

Балаларды нәпсіқұмарлыққа пайдаланумен, жасы кәмелетке толмағандар порнографиясымен, терроризм мен экстремизмді насихаттау және жариялы түрде ақтаумен байланысты заңсыз ақпараттардың таралуымен және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын басқа да құқық бұзушылықтармен күрес әрекеттесудің негізгі бағыттары болып табылады.

Соңғы жылдары прокуратура органдары құқыққа қайшы контенттің таралуына қарсы күрес бойынша белгілі бір нәтижелерге қол жеткізгенін атап өту қажет.

Интернет-кеңістікте заңсыз материалдардың таралуының жолын кесу мақсатында 2011 жылдан бастап прокуратура органдары басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп 90 000 астам интернет-ресурстардың мониторингін жүзеге асырып, экстремизм және терроризм идеяларын насихаттау, сондай-ақ жарылғыш құрылғыларды қолдан жасау әдістері туралы ақпараттарды таратудың анықталған фактілері бойынша талап арыздық жұмыс жүргізді, сондай-ақ сотқа дейінгі реттеу шаралары қабылданды.

Астана және Алматы қалаларының соттары аталған мерзім ішінде 596 интернет-ресурстың өнімін Қазақстан аумағында таратылуын тоқтатумен заңсыз деп тану жөніндегі прокурорлардың және уәкілетті органның арыздарын қанағаттандырды.

Тараптар атқарылып жатқан жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша бірлескен ұсыныстарды жүзеге асыру үшін өзара әрекеттесудің түрлі нысандарын пайдалану, ақпаратпен тұрақты алмасу, сондай-ақ халықаралық тәжірибені пайдалану жөнінде келісті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.