You are here

Бас прокуратура мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас прокуратура мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды - 1810069647

Қазақстанның Бас прокуроры Жақып Асанов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – Орталық) Басқарушысы Қайрат Келімбетов және Англия мен Уэльстің бұрынғы жоғары судьясы Лорд Гарри Вульф Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат Бас прокуратура, Орталық және Англия мен Уэльстің процессуалдық қағидаттары мен нормаларының және әлемнің жетекші қаржы орталықтары стандарттарының негізінде жұмыс істейтін Орталықтың құрылатын соты арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайды.

Тараптар Қазақстан Республикасында құқықтың ұлылығын ілгерілету мен қамтамасыз етуге, білім беру іс-шараларын, соның ішінде Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қатысуымен өткізуге бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруды жоспарлап отыр.

Меморандумның жасалуына өткізілген бірқатар кездесулер себепші болды, кездесулер барысында Астана қаласында Орталықтың соты мен Халықаралық төрелік орталығын құру мен дамыту мәселелері талқыланған еді.  

Аталған жұмыс Мемлекет басшысы бастамашылық жасаған Ұлт жоспарының 24 және 70-қадамдарын іс жүзінде орындау аясында атқарылды. 

Орталықтың тәуелсіз сотын 2018 жылдың қаңтар айында ашу жоспарлануда. Аталған сот ағылшын сот ісі қағидаттарының негізінде коммерциялық және азаматтық дауларды қарастыратын болады. Орталықтың ресми тілі ағылшын тілі болады. 

 «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Орталықтың соты Орталық қатысушыларының арасында туындайтын дауларды, Орталықта жүзеге асырылған және Орталықтың құқығына бағынысты операцияларға  қатысты дауларды, сондай-ақ тараптардың келісімі бойынша Орталықтың сотына берілген дауларды қарау бойынша айрықша юрисдикцияға ие болады.

Тараптар қол қойылған құжат тараптар арасындағы өзара іс-қимыл жасаудың тиімді тетіктерін қамтамасыз етуге және меморандумда айқындалған ынтымақтастықтың бағыттары бойынша бірлескен бастамаларды іске асыруға ықпал ететіндігіне сенім білдірді.

Жақып Асанов Қайрат Келімбетов пен Лорд Вульфқа өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен жемісті жұмыс үшін алғыс айтты.

 

ҚР Бас прокуратурасының Баспасөз қызметі

press@prokuror.kz
+7 7172 71 27 66
+7 7172 71 28 19

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.