Бас прокуратура қылмыстылықтың жай-күйі және қылмыстық процес саласындағы заңдылықты нығайту бойынша шаралар туралы хабардар етті

08 сәуiр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас прокуратура қылмыстылықтың жай-күйі және қылмыстық процес саласындағы  заңдылықты нығайту бойынша шаралар туралы хабардар етті - 1782603602

Нұр-Сұлтан, 2019 жылғы 8 сәуір. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов қылмыстық заңнаманы жаңғырту, сондай-ақ а.ж. 1 тоқсандағы елдегі қылмыстылықтың жай-күйі туралы айтты.

Спикер мемлекеттің соңғы екі жылда жүргізіп жатқан  қылмыстық заңды ізгілендіру және оның жазалауын төмендету бойынша саясатына егжей-тегжейлі тоқтады.

2017 жылы әкімшілік және қылмыстық кодекстер экономикалық құқық бұзушылықтар бойынша қайта қаралғаны, айыппұлдар азайтылғаны, бас бостандығынан айыруға балама жазалар ендірілгені, бірқатар баптар бойынша қылмысты бірінші рет жасаған және залалды өтеген адамдарды жауаптылықтан толық босату көзделгендігі аталып өтті.

Жеке тұлғалар үшін салықтарды төлемеу бойынша залал шегі 10 есеге (2 мыңнан 20 мың АЕК-ге дейін ) ұлғайтылды.

2018 жылы Қылмыстық процесті жаңғырту туралы Заңның қабылдануымен теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар бойынша сот ісін жүргізу жеңілдетілді. Адамдарды 48 сағатқа дейін, кәмелетке толмағандарды – 24 сағатқа дейін ұстау мерзімі қысқартылды. Экономикалық қылмыстар бойынша сотқа дейінгі қамаққа алуға тыйым салынды (6 аса ауыр қылмыс құрамын қоспағанда).

Нәтижесінде алдыңғы жылы ұсталғандардың 80% (10455-тің 8 392-сі) екі тәулік ішінде сотқа жеткізілді.

А.ж. 3 айда ұсталғандардың саны 17%-ға төмендеді (3314-тен 2742-ге дейін), қамаққа алулар саны 13% (3011-ден 2633-ке дейін) төмендеді.

Үйқамаққа алынған адамдар саны 2 есе (98-ден 229-ға дейін), ешқайда кетпеу туралы қолхаттар саны 5 есе (526-дан 3121-ге дейін) өсті.

Адвокаттардың өкілеттіктерін кеңейту есебінен қылмыстық процестің жарыспалылығы артты.

Электрондық қылмыстық істің ендірілуімен дәлелдемелерді бұрмалаушылықтар және заңды түрлі бұзушылықтар барынша азайтылды.

Бүгінгі күнде цифрлық форматта шамамен 36 мың немесе 7% іс  тергеп-тексерілді, олардың 8,5 мыңы сотқа жіберілді.

Ізгілендірудің келесі сатысымен қылмысты алғаш рет, абайсыздықта жасаған және қоғам үшін қауіп төндірмейтін адамдарға қылмыстық заңның жазалау жағы айтарлықтай төмендетілді (2018 жылғы 12 шілдедегі Заң).

ҚК-нің 39-бабы бойынша залал шегі екі есе ұлғайтылды, 32-бабы бойынша бас бостандығынан айыру мерзімдері төмендетілді. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа 247 қылмыс бойынша  балама жаза ретінде  бірінші рет қоғамдық жұмыстар, ал 12 ауыр қылмыстар бойынша – бас бостандығын шектеу енгізілді.

Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге  216 адам ауыстырылды.

Осындай жүйелі шаралардың арқасында қамаудағылардың саны 27 жылда  68,5 мыңға қысқарды, 8 түрмені жабу есебінен бюджетті үнемдеу 12 млрд. теңгені құрады.

Бір жылда Қазақстан Түрме халқының халықаралық индексіндегі рейтингісін 83 орыннан 95 орынға дейін 12 позицияға жақсартты, Израиль, Сингапур, Аустралия, сондай-ақ Еуропалық Одақтың бірқатар елдерін басып озды.

Бұл ретте ізгілендіру криминогендік ахуалды нашарлатпады.

2018 жылғы қорытындылар бойынша қылмыстар саны 8% (316 мыңнан 292 мыңға дейін), а.ж. 1 тоқсанда 6% (68166-дан 64124-ке дейін), оның ішінде ауыр қылмыстар 10% (6824-тен 6155-ке дейін) қысқарды.

Ағымдағы жылы адам өлтіру саны 21% (281-ден 222-ге дейін) қысқарды.

Ізгілендірудің үшінші сатысы (21.01.2019 ж. Заң) қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын шекті мәндерден аса отырып, экономикалық және салықтық құқық бұзушылықтарға қатысты болды.

Мысалы, салықты төлеуден жалтару бойынша (ҚК 245-бабы) ірі залал 20 мыңнан 50 мың АЕК-ге дейін (48 млн. теңгеден 120 млн. теңгеге дейін), аса ірі залал – 50-ден 75 мың АЕК-ге дейін (120 млн. теңгеден 180 млн. теңгеге дейін) ұлғайтылды.

Осыған ұқсас ҚК-нің 235-бабы бойынша шекті мән – шетелден ақша қаражатын қайтармау 15-тен 45 мың АЕК-ге дейін арттырылды (36-дан 108 миллион теңгеге дейін), ол 2000 жылдан бері өзгермеген.

Заң шеңберінде ұрлықты, бөтеннің мүлкін иемденіп алуды және алаяқтықты бірнеше рет жасағаны үшін жауаптылық қатаңдатылғандығын атап өту керек.

Бұрындары мұндай әрекеттер ауырлығы орташа қылмыстар санатына жатты, бұл келтірілген зиянның тігісін келтіру және жәбірленушімен татуластыру арқылы нақты жазадан қылмыскерлердің кетуіне мүмкіндік берді.

Енді олар ауыр қылмыстар санатына ауыстырылды, олар бойынша татуласу мүмкін емес.

Барлық көрсетілген шаралар азаматтардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ қылмыстық процестегі жазаның қолданылмай қалмайтындығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сөзін аяқтай отырып М. Ахметжанов аталған Заңдарды іске асыру Бас Прокурордың ерекше бақылауында тұрғандығын атап өтті.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу