You are here

Бас прокуратура Құқық қорғау қызметтері орталығының жұмыс қорытындыларымен бөлісті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас прокуратура Құқық қорғау қызметтері орталығының жұмыс қорытындыларымен бөлісті - 1280480987

23 тамыз 2017 жыл, Астана қ. Орталық коммуникациялар қызметінде «Құқық қорғау қызметтері орталығының жұмысы туралы» брифинг өтті.

Брифинг жұмысына Бас Прокурордың аға көмекшісі – Бас прокуратураның Құқық қорғау қызметтері орталығының басшысы (бұдан әрі - Орталық) Сағатбек Сүлеймен, Республикалық адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары Қадыржан Баймұханов, «Қазақстан медиаторлар қауымдастығы» ЗТБ-ның бас директоры Жанділдә Жакупов және «Право» ҚҚ-ның төрайымы Ольга Рыль қатысты. 

Сүлеймен Сағатбек Орталықтың жұмысы жайлы баяндау барысында Орталықтың құрылу идеясы Ұлт жоспарының 100-ші қадамы, яғни құқық қорғау қызметтерін бір жерге шоғырландырудан бастау алатынын атап өтті.

Орталық басшысы: «Елбасымыз барлық мемлекеттік органдарға  адамдарды қабылдап, тыңдап,  кабинеттерді аралатпай, олардың талап-тілектері ұсақ болса да шешілуі тиіс деп тапсырма берді. Жыл сайын прокурорлардың жеке қабылдауына 50 мыңға жуық адам жүгінеді. Басым көпшілігі қылмыстық, азаматтық істер және мемлекеттік органдардың әрекеттеріне. Осы қалыптасқан жағдайды ескеріп, біз азаматтарды қабылдау рәсімін барынша ыңғайлы ету мақсатында а.ж. шілде айында Құқық қорғау қызметтері орталығын аштық» - деді.

Брифинг барысында Орталықпен ұсынылатын қызметтердің қатары кеңінен баяндалды.

 «Ең алдымен, келушілерге ыңғайлы жағдай мен кешенді сервис жасалды. Азаматтардың мәселелері алқалы түрде шешіледі. Осы мақсатта Орталықта тәжірибелі прокурорлармен бірге басқа да органдардың өкілдері, адвокаттар, медиаторлар және психологтар жұмыс жасайды» - деді С. Сүлеймен.

Прокурорлар азаматтарды қабылдау барысында нақты істерді сұратуға, төмен тұрған прокурорлардың процессуалдық шешімдерінің заңдылығын тексеруге, сонымен қатар өтінішті «Электрондық үкімет» порталы арқылы құзырлы органдарға жолдау мүмкіндігіне ие екендігін спикер өз сөзінде айтты.

Бір ай ішінде прокурорлардың жеке қабылдауында 608 азамат болып, 342 адамға құқықтық көмек  көрсетілді, 266 арыз қабылданып, өңірлерге тапсырмалар берілді.

Орталық психологы 97 келушіге консультативті көмек көрсетті.

47 келушіге ЭЦҚ (Электронды цифрлы қолтаңба) берілді және ол арқылы Орталықтан шықпастан басқа органдарға 33 электронды және 68 бейне өтініштер жіберілді.

Өз кезегінде адвокаттар 100 азаматқа тегін көмек көрсетті.

Сонымен қатар спикер азаматтар Орталыққа көбінесе қандай сұрақтармен жүгінетіндігі жайлы және келушілерге қандай көмек көрсетілгендігін айтты.

 «Мысалы, өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жойдық. Істі бақылауға алдық. Мүмкіндігі шектелген баланың құқығын қорғап, қазір оған әлеуметтік төлем тағайындауды талап етудеміз. Мұрагерлік туралы дау бойынша талап арыз жазып, портал арқылы бірден сотқа жолдадық. Ол сотта тараптардың бітімімен аяқталды. Адвокатпен бірлесіп кассацияда істі қайта қарау туралы өтінішхат толтыруға көмектестік. Осыған ұқсас мысалдар әрине аз емес. Оның әрқайсының артында адам тағдыры тұр» - деп түйіндеді Орталық басшысы.

Осы тәрізді Орталық Ақтөбе облысында қазіргі таңда жұмыс жасауда, сондай-ақ жуырда Қызылордада есігін айқара ашады. Жыл соңына дейін барлық өңірлерде Құқық қорғау қызметтері орталықтарын ашу жоспарланғаны туралы брифинг барысында айтылды.

А.ж. 21 шілдесінде Астанада Бас прокуратураның ғимаратында Құқық қорғау қызметтері орталығын ашылғандығын еске саламыз. Оның негізгі мақсаты - өтініштерді жедел түрде шешу, халықтың құқық қорғау мен мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру, сонымен қатар әкімшілік кедергілер мен бюрократияны жою болып табылады.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz
+7 7172 71 27 66
+7 7172 71 28 19

Теги: 
Бас прокуратура Құқық қорғау қызметтері орталығының жұмыс қорытындыларымен бөлісті - 1851475268
Бас прокуратура Құқық қорғау қызметтері орталығының жұмыс қорытындыларымен бөлісті - 1291852984
Бас прокуратура Құқық қорғау қызметтері орталығының жұмыс қорытындыларымен бөлісті - 248354399
Бас прокуратура Құқық қорғау қызметтері орталығының жұмыс қорытындыларымен бөлісті - 1682072162

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.