You are here

Бас прокуратура Қарағанды облысында кәсіпкерлікті қорғау бойынша тексерудің қорытындысын жариялады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясында 2030 жылға дейін шағын және орта бизнесті дамыту, оған қолайлы жағдай жасау туралы тапсырма берілген. Бас прокуратура осыны назарға алып, нақты қадамдарға көшті.

Кәсіпкерлік саласындағы мәселелерді шешу бойынша бірнеше алқа мәжілістері, ведомствоаралық кеңестер мен форумдар ұйымдастырылды.

Бас прокурор Жақып Асановтың төрағалығымен өткен айдың 10 ақпанында Бас прокуратураның көшпелі алқа мәжілісі Қарағанды қаласында өтті. Мұнда маусымда өткен «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратураның қадағалауы» форумында айтылған Жол картасының нәтижелері және бизнестің өзекті мәселелерін шешу жолдары айтылған болатын.

ОтырыстаҚарағанды облысы бойынша кәсіпкерлікті тексеру кезінде кеткен кемшіліктер көрсетіліп, облыстық прокуратура жұмысына сын айтылды. Бас Прокурор ол кемшіліктер бойынша тексеру жүргізуді тапсырған болатын.

Осыған орай 2 аптаға жалғасқан тексеру қорытындыларын жариялау үшін Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Қарағандыға барды.

Ведомство басшысының орынбасары өңірдегі бизнесті қылмыстық қудалау жағдайы бәсеңдегенін атап өтті. 

Атап айтқанда, кәсіпкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының саны 4 есеге дейін төмендеген. Егер 2016 жылдың алғашқы 2 айында 139 қылмыстық іс тіркелген болса, биыл жыл басынан 37 іс тіркелді.

Қалпына келтіруге жатпайтын мән жайлар бойынша қысқартылған істердің саны да азайды(2016 жылы 164 іс тоқтатылды, а.ж. – барлығы 12).

ҚПК шеңберінде кәсіпкерлерге қатысты салықтық тексерудің саны 9 есе қысқарды ( 2016 жылдың 2 айында – 90, а.ж. сол кезеңінде – 10).

Қылмыстық істерді тергеудің аясында есептер бойынша операцияларды тоқтату, мүлікті қолдануға шектеу қою, оған тыйым салу тәжірибесі жойылды.

Тексеру нәтижесі бойынша кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына жол берген облыстық МКД экономикалық тергеу қызметтерінің 24 қызметкері тәртіптік жауапқа тартылды. Оның 7-уі қызметінен босатылып, 2-уі өз еркімен жұмыстан кетті.

Кәсіпкер Долгомысловты заңсыз қылмыстық қудалауға салып, УҰИ-да ұстағаны үшін ЭТҚ тергеушісіне қатысты ҚК 361-бабы 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  Істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізуде.

Бизнеске мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сергелдеңге түсіріп, құқықбұзушылыққа жол бергені үшін 12 лауазымды тұлға, сонымен қатар 2 басшы (Абай ауданының ауылшаруашылық бөлімі мен Приозерск қ. Мемлекеттік кіріс басқармасының бастықтары) жазаланды.

Берілуге тиіс, алайда берілмей жоспарға енбеген учаскелерді дейін кәсіпкерлерге беру жұмыстары  жанданды. Қазіргі таңда 70  кәсіпкердің 6-ы жер учаскісіне ие болды.

Жерді үлестіру барысында олқылықтарға жол берген Қарағанды қаласы бойынша Жер қатынастары бөлім басшысы әкімшілік жауаптылыққа, ал дәл сол бөлімнің екі қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қосымша құн салығы бойынша кәсіпкерлерді заңсыз есептен шешу фактілерінің алды алынды. Олқылықтарға жол берген МКД 4 қызметкері, оның ішінде Октябрь ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасының басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар, Қазыбек би ауданының әкіміне жеке кәсіпкер Кравченконың жылумен қамтамасыз ету жүйесін тексеріс жүргізу актісіз заңсыз тексергені үшін ӘҚБтК 173 бабына сәйкес 150 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Бизнес ортаны жетілдіру және түбегейлі жақсарту мақсатында облыс прокуратурасы Өңірлік кәсіпкерлер паласымен бірлесе отырып нақты 7 бағытты қамтитын Жол картасын жүзеге асыруда.

Атқарылған жұмыстың нәтижелері әр өңірге барып,  бизнестің жай-күйін бағалау тиімді екенін көрсетіп отыр.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.