Бас прокуратура екі аудандық прокурорды жемқорлық үшін жауапқа тартпақ

20 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура өз қатарында жемқорлықпен күрес шараларын жүйелі түрде өткізіп тұрады. 

Қазан айында Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру  департаменті аумағы 6 гектарлық 102 жер телімінің пайдалану мақсатын өзгерту және қайта рәсімдеу ісіне Алматы облысы Қарасай ауданының прокуроры Д. Аязбаевтың заңсыз араласқанын анықтады.

Аязбаев өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотқа беріліп, теріс  негіздер бойынша прокуратура органдары қатарынан шығарылды, арнайы шені алынып тасталды.

Заңсыз рәсімделген жер телімдері мемлекеттік жер қорына қайтарылды.

Сонымен қатар 19 қазан күні Ішкі тергеп-тексеру департаменті кәсіпкерге қамқорлық жасағаны үшін 750 мың теңге пара алу кезінде Қостанай облысы Таран ауданының прокуроры М.Ж. Шалабаевты ұстады.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары  басталды. Шалабаев уақытша оқшаулау изоляторына қамауға алынды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу