You are here

Бас прокуратура делегациясының Грузияға жұмыс сапары туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы делегациясының қылмысқа қарсы іс-қимыл саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ электронды сот ісін жүргізудегі тәжірибелерін зерделеу шеңберіндегі Грузияға жұмыс сапары аяқталды.

Сапар барысында қазақстандық делегация қылмыстық істер бойынша қылмыс тіркелген сәттен бастап сот шешімі шыққанға дейінгі қылмыстық процестің уақытын елеулі түрде қысқартатын электронды іс жүргізу ақпараттық жүйесімен танысты.

Қазақстанның қадағалау органының өкілдері аталған жүйені отандық сот ісі жүргізу тәжірибесінде де қолданудың пайдасы зор екенін атап өтті. Осыған байланысты қазіргі уақытта аталған технологияларды қылмыстық істерді тергеу функциясы берілген арнаулы прокурорлардың қызметінде қолдану мәселесі талқылануда.

Сонымен қатар қонақтар ҚР Бас прокуратурасы жанынан Құқық қорғау органдары академиясын құру шеңберінде Грузияның Полиция академиясына барды, онда грузиялық әріптестер оқу орны туралы,  оның материалдық-техникалық және ғылыми-әдістемелік базасы туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ аумақтық полиция бөлімшелері мен Грузия ІІМ орталық аппаратында, Тбилиси қаласының сотында кездесулер өтті.

Аталған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Грузияның Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Институты арасында Кадрларды даярлау және ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы  меморандумға қол қойылды.

Бас прокуратураның баспасөз ақпараты

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.